No335 СЕРИЯ немесе қала құрылысы қалай жүрді?

aprrprp Жаңалықтар

Гурьев қаласы құрылысының негізгі баспалдағы – сәулет-құрылыс саласындағы серпіліс сонау алпысыншы жылдардың ортасынан басталды. Теміржол құрылысы қолға алынып, автокөлік жолдары са-лына бастаған кезде Махамбет көшесіндегі екі қабатты үйлерді салу да қанаттас жүргізілді. Жалпы, құрылыс жұмыстары қала аумағында Ұлы Отан соғысы кезінде-ақ қолға алынғаны тарихтан белгілі. Оған Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Тұрғындар қалашығы» шағынауданының салынуы куә.

Ең алғашқы құрылыс басталмас бұрын, яғни, Тұрғындар қалашығын салатын кезде Ташкенттегі ғылыми-зерттеу институтының мамандары аймақтың күн райын арнайы зерттеген. «Төртінші «Г» климаттық аудан» деген тоқтамға келіп, «жедел континенталды, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыстан соғатын құбылмалы желі өткір, өте ыстық» деген шешім шығарды. Сондықтан, бой көтеретін жаңа аудандарды салуда бұл мәселеге ерекше ден қойылуы тиіс болды. Кейін Авангард, Вокзал маңы тұрғын аудандары салынғандаосы шешімге сай, үйлердің арасын жел өткізбейтіндей қиылыстыру мәселесі бірінші кезекте тұрды.

Гурьев қаласындаол кезде архитектуралық жобалау институттары болған жоқ. Тіпті, архитектура дегеннің қандай сала екенін Қазақстанның өзі де жаңа біліп жатқан кез. Алматыда да архитекторларды дайындайтын арнайы оқу орны болған жоқ. Тек 1965 жылы Москвадан оқып келген мамандар Алматы политехникалық институтыжанынан архитектура факультетін ашты. Бұл серпін Атырауды да айналып өткен жоқ, бес қабатты үйлер салыну жоспарлана бастады.

Жаңа, ірі құрылысты бастау үшін әуелі жоба қажет. Жергілікті жобалау институты жоқ болған соң, Ақтөбе, Орал қалаларындағы институттардың филиалдары жұмыс жасаған. Мамандарға да мұқтаждық туындады. Соған байланысты, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Оңайбай Көшеков пен облыстық атқару комитетінің төрағасы Есен Тасқынбаевжан-жақтан іздестіріп,қажетті мамандардышақыра бастады. Сол кезде Гурьевке Днепропетровскіден жолдамамен келген Юрий Васильевич Корнейко мамандығы құрылысшы болса да, біраз жыл облыстың бас сәулетшісі болып қызмет етті. Қаланың келбеті сәулет-құрылыс саласының талаптарына сай болуы үшін кәсіби сәулетшіні іздеу әлі де жалғаса берді.1972 жылы Гурьев қалалық атқару комитеті жанындағы архитектура бөлімінашу жөнінде ресми шешім шықты.

Бірақ оның басшылығына сәулетші мамандығы Гурьев қаласы құрылысының негізгі баспалдағы – сәулет-құрылыс саласындағы серпіліс сонау алпы-сыншы жылдардың ортасынан басталды. Теміржол құрылысы қолға алынып, автокөлік жолдары салына бастаған кезде Махамбет көшесіндегі екі қабатты үйлерді салу да қанаттас жүргізілді. Жалпы, құрылыс жұмыстары қала аумағында Ұлы Отан соғысы кезінде-ақ қолға алынғаны тарихтан белгілі. Оған Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Тұрғындар қалашығы» шағынауданының салынуы куә.

Сара – Мұқыр ауылының тұрғындары Раушан мен Жидеш Есенғожиндердің он баласының бірі. Жастайынан «жанымдағыларға көмектессем», «қолымнан келгенше дімкәс адамдарға жәрдемдессем» де-ген оймен жүрген Сара қыз мек-теп бітірген соң Гурьев меди-цина училищесіне оқуға түсіп, белгіленген уақытта фельдшерлік мамандықты меңгеріп шығады. Дипломды жас маман орталықтан шалғай жатқан Қайрақты ауы-лына жұмысқа жіберіледі. Ол кезде «жедел жәрдем» көлігі тапшы-тұғын. Сара-фельдшер ауру адамдарға жаяу-жалпы, кейде трактормен, кейде ат ар-бамен жететін. Әсіресе, жау-ын-шашынды күндері талай жол азабын тартушы еді. Ауру-сырқау жандарды емдеп, ота жа-сау процесіне атсалысатын. Ол Қайрақты фельдшерлік пунктінің меңгерушісі бола жүріп, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты.

1959 жыл. Қызылқоға аудандық комсомол комитетінің конференциясы өтіп, Сара қыз соған делегат болып қатысады. Айнала ылғи өзі секілді өрімдей жас. Бірінің өзі, бірінің жүзі та-ныс дегендей. Конференцияның ресми бөлімі аяқталған соң, кешкілік делегат жастарға арна-лып би кеші ұйымдастырылады. Байқаса, мұның жанына ұзын бойлы, бидай өңді жас жігіт жақындап келеді. Ол қызға «Билейік!» дегендей ишара танытып, вальске шақырды. «Тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездеседі» демекші, бар кадр жоқ. Институт бітіргеннен кейін Ақтөбедегі «ЗапКазсельпроект» сәулет-құрылыс жобалау институтынажолдамамен келіп, жұмыс жасап жүрген жерлесіміз Марат Елеусінов қаланың бас сәулетшісі лауазымына шақырылып, 1978 жылға дейін табысты еңбек етті. Одан кейін маман тапшылығына байланысты бұл қызметті құрылысшы жігіттер атқарды.Қалалық партия комитетінің бірінші хатшысыболып сайланған Равиль Шырдабаевөз саласының мамандарын қызметке тартты.

«ЗапКазсельпроект» жобалау институтының жергілікті филиалында жұмыс жасап жүрген мені кездестіріп, мамандығыммен танысқан соң жұмысқа шақырды. 1985 жылы қаланың бас сәулетшісі болып мен келгенде, ескі қала аталған бөліктегі орыс көпестерінің 1800 жылдардың аяғында салған үйлерін жаңа ғимараттармен алмастыру міндеті қойылды. Өйткені, қала деп аталғанымен, ескі екі қабатты үйлер тұрған бір-ақ көше болмаса, басқа жаңашылдық белгісі жоқ-тын.Жетпісінші жылдардан бастап, құрылыстарды қарқынды салу қажеттігі туындады.

Ал, жаңа үй салу үшін типтік үлгі қажет болды. Бір жақсысы, сол кезде Москвадағы арнайы институттар Одақ көлеміндежергілікті ерекшеліктерге байланысты типті үйлердің жобаларын жасақтады. Гурьев облысының үлесіне No335 сериялы сәулет-құрылыс жобасытиді. Оны жүзеге асыру үшін алпысыншы жылдардың аяғында қазіргі телемұнара тұрған ауданнан аталған серияға құрылыс комбинаты салынды. Яғни, каркасты темір бетоннан ірі панелді үй салу жұмысына дайындық басталды.Аталған серияның алғашқы «жемісі»– Авангард шағынауданы. Бес қабатты үйлер салу қарқынды жүрді. Себебі,қазіргі Сәтбаев көшесінің орнында ескі жатаған үйлер тұр еді.

Соның бәрін бұзып, жаңа көшесалу міндеті бірінші кезекте тұрды. Өйткені, сол кезде қазір бұзылып қалған ескі әуежай құрылысы жүріп жатты. Яғни, Авангард шағынауданы тез салынса, ескі үйлердің тұрғындарынеңселі жаңа корпустарға көшіретін болды. АвангардтаІІ, ІІІ шағын аудандаросылайша бой көтеріп, Сәтбаев көшесінің негізі 70-інші жылдардың басында қаланды. Алайда, құрылыс жедел жүргенімен, кадр тапшылығы да сезіліп тұрды.Мен 1985 жылғы 5 мамыр күні қалаға архитектор болып тағайындалғанда, Жайық жағасындағы No85 сериямен салынған көп қабатты үйдің астынан жаңа орын берілгенмен, жастық, әрі тәжірибенің жоқтығы болар, істі қалай ұйымдастыру жағы ақсап жатты.

Оның үстіне республикадағы ахуал да керемет емес. Жұмыс тек жобалау институты арқылы жүрді. Жан-жақтан сұрастырып, Алматыда жаңадан ашылған сәулет-құрылыс институтына арнайы барып, атыраулық студенттерді іздедік. Жоғары курстарда оқитын 4-5 бала бар екен. Институт ректорына кіріп, Атыраудың жігіттерін елге жіберу туралы келісімге келдік. 1985 жылдың тамызында Мақсот Құлшиев, Мәди Молдағалиевтермен бірге жұмысқа бел шешіп кірістік. Үйге бармастанапталап жатып, жоба сыздық, эскиз жасап,жан-жақты есеп-қисап жүргіздік.Ол кезде қалада бос жатқан сорлы-балшықты жер көп болатын. Ташкент жобалау институтының бағыт-бағдарына сүйене отырып, бос жатқан ашық алаңқайдан Вокзал маңы ауданын жобалау қолға алынды.

Қаражаттың тапшылығы көп кесірін тигізді. Ақшаның билігі Москвада, одан Алматыға, сосын барып облысқа бөлінетін. Соған қарамастан, үй құрылысы комбинаты салынып, Авангардтан бой көтерген No335 сериялы типтік үйлердібасқа да көшелерден салу жұмысы біртіндеп жандана бастады. Үйдің каркасын тұрғызып, панельдерді ілу – құрылыс саласындағы тиімді әдістердің бірі. Сол кездегі стандарт бойынша барлық үйлер бір өлшеммен, ас үйі – 6 шаршы метр, бөлмелер 12 шаршы метркөлемінде салынды.

Басшыларға Алматыдағы құрылыстарды көрсетіп дәлелдеп, сол жақтағы жұмыс процесін саралаған соң, Авангардтың IV шағын ауданында салынатын үйлерге сәл өзгерістер еніп, бөлмелер кеңейтілді. Сол кезде халықтың да жағдайы жақсарып, қала аумағында өндірістік нысандар көбейді. Химия зауытынан полипропилен шыға бастады, Атырау мұнай өңдеу зауыты да толық қуатында жұмыс жасады.

Енді қалада кәріз жүйесін салу, су құбырларын жаңарту, батпақтан арылу үшін дренажды-сорғы станцияларын салу қажеттілігі туындады. Оған да арнайы жоба жасақталды. Жайықтың жағасынан облыстық әкімдіктің ғимараты салынып, 1978 жылы тапсырылды.Жобалау жұмыстары да біртіндеп жүргізіле бастады. Сортаңы шыққан бос жерлерге тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік маңызы бар нысандар салу да қолға алынды. Махамбет көшесі, теміржол вокзалының да тарихы сол 70-інші жыл-дары басталды.

Негізгі жоба бойынша теміржол вокзалынан Махамбет және Сәтбаев көшелері арқылы аэропортқа шығу қарастырылды. Кейін жаңадан үлкен аэропорт салынды.Қазір жан-жақты дамыған Атырау қаласының, тіпті күллі облыстың сәулет-құрылыс келбетін жобалап жоспарлау сол 70-інші жылдардың басынан басталғанын атап көрсеткен жөн. Оған дейін қаржылай қабілеті жететін құрылымдар құрылысты қалаған жерден жүргізіп келді. Оның үстіне жобалаушы мамандар да жоқ болатын. Жалпы алғанда, Алматыдағы «Гипроград» жобалау институты республика бойын-ша қалалар мен аудан орталықтары, ірі елді мекендердің жобалануына зор еңбек сіңірді. Оның ішінде Атырау облысында да қолтаңбасы бар.

Ал, елуінші жылдардың орта тұсында, облыс басшылығына Нұртас Оңдасынов келгеннен кейін Азаттық даңғылы және Тұрғындар қалашығынан Балықшы кентіне қарай орналасқан екі-үш қабатты үйлердің құрылысы жанданған. Оған дейін де ескі қала бөлігіндегі облыстық партия және атқару комитеттерінің ғимараттары салынған. Басқа да бірқатар ғимараттар болғанын білемін. Бірақ ол нысандар жөніндегі ақпараттар маған беймәлім.

Ізімберген САНАБАЕВ,

Қазақстанның Құрметті сәулетшісі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз