Құрметті профессор атанды

рметт¦ профессор атанды Білім

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде кезектен тыс ғылыми кеңестің мәжілісі өтті. Оны университет ректоры Абзал Талтенов ашып, жүргізіп отырды.

____рметт¦ профессор атанды

Аталған жиында филология ғылымдарының докторы, профессор, «Арыс» қорының президенті, баспагер-қаламгер, ғалым-тілші, Халықаралық «Қазақ тілі» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Ғарифолла Әнеске Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры атағын беру мәселесі күн тәртібіне қойылды.

– Ғарифолла Әнес – халелтанушы, Х.Досмұхамедов мұраларын зерделеп, оның онға тарта кітаптарын шығарды. «Арыс» қорын құрып, қуғын-сүргінге түскен арыстардың мұраларын елге танытуда тынбай жұмыстанып жүр. Биыл қорға 25 жыл толады. Осы кезеңде екі мыңға жуық кітап қор демеушілігімен жарық көрді. Оның еліміз үшін сіңірген еңбегі өлшеусіз зор, – деген Абзал Ахатұлы ғылыми кеңестің шешімімен Ғарифолла Қабдолқайырұлына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры атағы берілгенін айтты.  Ғалымға арнайы куәлік пен профессорлық мантияны табыс етті.

Гүлзада Рахметқызы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз