Атырау облысында бюджет қаражаты негізсіз бөлінген

1470987203 photo 164112 Жаңалықтар

Atr.kz/3 шілде, 2019 жыл. Атырау облысының прокуратурасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Облыстық психикалық денсаулық орталығының қаржыландырылу заңдылығын талдау барысында мемлекет қаражатын мақсатсыз жұмсалғаны анықтады.

Орталық 2018-2019 жылдары 3 жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған 90 тұлғаны есептен шығармай, олардың емі үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан 5,8 млн. теңгені заңсыз алған.

Қадағалау актісімен аталған қаражат әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қайтарылып, 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дереккөз: Атырау облысының прокуратурасы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз