ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМҒА – ЖАҢА БАСШЫ
Атырау облысындағы қызметін алғаш «Атырау» газетіне сұхбат беруден бастаған Марат Ахметжановтың есімі оқырманға жақсы таныс. Ол еліміздің түрлі құзырлы органдарында, атап айтқанда, ішкі істер, әділет министрліктерінде лауазымды қызметтер атқарды. Үш жыл Бас прокуратураның тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында прокурор болды. Одан соң Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (қаржы полициясы) лауазымын атқарды. Бұған дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болды.
Азамат БАЗАРБАЕВ.