Атырауда жыл соңына дейін 2007 пәтер пайдалануға беріледі

1481278992 nursaya 1 Жаңалықтар

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында, Атырау облысында көпқатарлы 37 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

1481278992_nursaya-1

Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерей Жантуреевтің хабарлауынша,  жыл соңына дейін 2007 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. «Ағымдағы жылдың 3 айында жалпы көлемі 119,2 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдануға берілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4,2%-ға көп» деп атап өтті спикер.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз