D gelek stel

Қазақстан – әлемдік қауымдастықта

Жаңалықтар Рухани жаңғыру Қоғам

Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның табысты интеграциясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында жүзеге асқандығы баршаға мәлім. «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында «Елбасының сыртқы саяси бастамалары – Қазақстанның халықаралық мәртебесі мен беделін арттыру факторы ретінде» атты «дөңгелек үстел» өтті. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған шараға ғылыми қызметкерлер мен сарапшылар, жоғарғы оқу орындары басшылары және студенттер қатысты.

????????????????????????????????????

Жиында Қазақстанды әлемдік қауымдастықтарға танымал еткен Елбасының бітімгершілік, соның ішінде ядролық қарусыздандыру және оны таратпау идеялары жайында айтылды. Мемлекет басшысының көпвекторлы саясатының өзектілігі мен жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы бастамалары да басты назарға алынды. Мұндай іс-шаралар өткізу кітапхана үшін игі дәстүрге айналғаны жайында айтқан Елбасы Кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов Қазақстанның сыртқы саясатындағы жетістіктері жайында сөз қозғады.

– «Ширек ғасырда Елбасының ұстанған сыртқы саясаты еліміздің мерейін өсірді. Татулық пен келісімді нығайтып, әлем халқын ауызбіршілікке үндеді. Тәуелсіздік алған сәтте жас мемлекетіміздің алдында ел экономикасын дамыту ғана емес, шекараны белгілеп, қауіпсіздікті нығайту мәселесі де тұрды. Елбасы ең алдымен Қытай, Ресей елдерінің басшыларымен кездесіп, үлкен шекаралық белдеуімізді айқындап алды. Еліміз даму жолында әлемдік экономикалық дағдарыстарды еңсере білді. Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде жасаған алғашқы қадамдарының бірі – ядролық қарудан бас тартуы. Мемлекет басшысының бұл бастамасы елімізді әлемге алдына айқын мақсат қойған бейбіт ел ретінде танытты. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүние-жүзілік сауда ұйымына мүше болып, дамудың даңғыл жолына түсті», – деді Ә.Мұратбекұлы.

Бұл орайда сөз алған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Тәлтенов Мемлекет басшысының әлемдегі маңызды мәселелер мен мемлекеттер арасындағы жанжалдарды шешу, тараптарды мәмілеге келтіру мақсатындағы ұланғайыр еңбегіне ерекше тоқталды.

– Қазақстанның сыртқы саясаты туралы үш мәселені атап өткім келеді. Біріншісі, шекараға қатысты. Сырт көзге оңай көрінгенімен, Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін Ресей және Қытаймен мемлекетаралық шекарасы айқындалмаған болатын. Бұл еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шешімін тапты. Екіншісі – Елбасының Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеясы. Сол кездегі болжамы іске асып, Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері тығыз қарым-қатынас орнатты. Кейін мұндай одақтың қажеттігін өзгелер де ұғынып, мүше елдер қатарына Армения мен Қырғызстан қосылды. Ал, үшіншісі – Елбасының бір-бірімен келіспей жатқан елдерге араағайындық танытып, татуластыра білу қабілеті. Мысал ретінде, Ресей мен Түркияның арасында болған түсінбеушілікті, Сирияға қатысты мәселені атап айтуға болады, – деді Абзал Ахатұлы.

Жиынға қатысқан философия ғылымдарының докторы Өмірбек Бекежан Мемлекет басшысының әлемдік қауымдастықтағы рөлін таяуда қабылданған Каспий Конвенциясынан-ақ көруге болатынына тоқталса, Атырау мұнай және газ университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әли Әбішев Президенттің барлық саяси бастамалары экономикамен тікелей байланысты екендігін атап айтты.

????????????????????????????????????

Қазіргі заманғы музей қандай болуы керек?

Компьютерлік технология мен интернет жүйесінің дамуы музей саласының қалыптасқан дәстүрлі бағытына көптеген өзгерістер әкелді.  Ақпараттық технологияның артықшылығы жайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының ұйымдастыруымен Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Музей саласындағы ақпараттандыру жұмыстары» атты ғылыми-тәжірибелік семинар барысында  кеңінен сөз болды.

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясындағы іс-шара мәдени мұраларды рухани жаңғыру міндеттері тұрғысынан зерттеу және насихаттау бойынша тәжірибе алмасу бағытында өрбіді. Семинар барысында музей қызметіндегі ақпараттық технологияның дамуымен байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Елбасы Кітапханасының қызметкерлері көпшілікке Мемлекет басшысы мұрасын шұғыл зерттеу мақсатында электрондық мәліметтер қорын қалыптастыру қызметінің нәтижелерімен таныстырды.

Ақпараттық технология соңғы жылдары экспозициялық-көрмелік, жәдігерлерді қорға тіркеу-сақтау,  қалпына келтіру және баспа жұмыстарында кеңінен қолданылып жүр. Музей жәдігерлерін тіркеу-сақтау жұмыстарына арналған  автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (АИС)  енгізіле бастауы осы қызмет түріне жеңілдіктер әкелуде. Бұл жүйе ғылыми, қор сақтау, тіркеу, экспозициялық, көрме, қалпына келтіру жұмыстары барысында уақыт үнемдейді. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Харипованың айтуынша, аталған ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілген бір айдың ішінде 200-ден астам жәдігер есепке алынған.

«Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің мүмкіншілігі жоғары. Қажетті мәліметтерге нөмірді теру арқылы қол жеткізуге болады», – деді ол.

Шараға қатысушылар Елбасы Кітапханасы қызметкерлерінің музей құндылықтарын есепке алу және сақтау бойынша «Музей» автоматтандырылған жүйесін жетілдіру аясындағы зерттеу жұмыстарының қорытындысымен  танысты. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

«Елбасытану» – элективті курс

Аталған музейде көрме жобасы аясында «Ғылыми-білім беру қызметіндегі инновациялық жұмыс түрлері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Мәдениет, кітапхана, музей қызметкерлері мен тарих пәнінің мұғалімдері қатысқан жиында білім беру саласындағы инновациялық жұмыс түрлері жайында айтылды. Елбасы Кітапханасының ғылыми-ағартушылық бағытының жобалық қызметі, ғылыми-іздестіру және жинақтау жұмыстарының ұйымдастырылуы, ғылыми-білім беру қызметінің басым бағыттары туралы сөз болды.

Семинар шеңберінде Елбасы Кітапханасының ғылыми-білім беру қызметінде қолданылатын инновациялық жұмыс түрлері, соның ішінде «Елбасытану» элективті курсы мен руханият орталығының «Бала және мәдениет», «Білім әлеміне саяхат», «Жан жылуын сыйладық» және тағы басқа ауқымды жобалары  таныстырылды.

«Елбасы Кітапханасында арнайы педагогикалық орталық жұмыс жасайды. Бүгінгі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық іс-шаралары аясындағы семинар жұмысы білім беру ұйымдары мен музей, кітапханалар арасындағы байланысты нығайта түседі», – дейді ұйымдастырушылар.

Мәлике МӘЛІК

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған