Теңіз кенішінен жұмысшыларды шығару келесі аптада аяқталады

1 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/1 мамыр, 2020 жыл. Осыған байланысты облыс әкімі Теңіз кенішінде жұмысшылар орнын сақтауды тапсырды.

Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Теңіз кенішіндегі ахуалға қатысты жедел селекторлық жиын өткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Аймақ басшысы қазіргі уақытта еліміздің күрделі жағдайды бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Коронавирус инфекциясының салдары мен әлемде мұнай бағасының құлдырауы экономикаға кері әсерін тигізуде.

«Бірақ, мұның барлығы уақытша қиындықтар. Күрделі жағдайға қарамастан, жұмысты жалғастыруымыз керек. Теңіз кенішіндегі ахуал бойынша өткен аптаның басында арнайы комиссия құрдық. Оған төрағалық ететін орынбасарым Серік Шәпкенов сол күні Теңіз кенішіне барып, әлі күнге дейін сонда жұмыс істеп жатыр. Комиссияның басты мақсаты— кеніштегі жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып өңірлеріне жіберу жүзеге асыруды үйлестіру»,— деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

img 20200501 wa0100


Бүгінге дейін Теңіз кенішінен 12 мыңға жуық жұмысшы шығарылып, тұрғылықты мекен-жайларына жеткізілген. Ол жерден  шығар алдында әрбір жұмысшы COVID-19-ды анықтайтын тесттен өткізіліп, өз өңірлеріне инфекциядан таза болса ғана жіберіледі.

img 20200501 wa0115

«Шығарылғандардың 3000-ға жуығы Атырау облысының тұрғындары» деп атап өтті Теңізден тікелей байланысқа шыққан облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік  Шәпкенов.

img 20200501 wa0094


Теңіз кенішінде орналасқан бірнеше вахталық қалашықтардың жатақханаларында тұратын 82 жұмысшыдан коронавирус инфекциясы табылған. Олармен байланыста болған 1674 жұмысшы  анықталып, дереу оқшауланған.

«Әр вахталық қалашықтардың барлығында тұрақты дезинфекциялау жүргізілуде. Карантиндік талаптарға сәйкес, әр вахталық қалашықтың арасында өзара қатынауға шектеу қойылды. Теңіз кенішіне қатынайтын жолдарға төрт блок пост орнатылды. Айналма дала жолдары да бақылауда. Карантиндік аймақта полиция, қауіпсіздік қызметінен құрылған патруль жұмыс істеп жатыр» деп нақтылады Серік Шәпкенов.


Теңіз кеніші басында бір апта болып оралған Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Темірбек Мұсағалиев күн сайын кемінде бес адамнан қауіпті індет табылып жатқанын атап өтті. Дегенмен, жағдай бақылауда. Теңізде шығып жатқан жаңа инфекция ошақтарын ауыздықтау және зарарсыздандыру бағытындағы жұмыстар жедел жүргізіліп жатыр. 

img 20200501 wa0095

«Атап өтерлігі, кеніштегі жұмысшыларды шығару жоспар бойынша әрі белгіленген алгортимге сәйкес жүріп жатыр. Ұшақтарды, автобустарды тұрақты залалсыздандыру, адамдарды шахматтық үлгіде орналастыру сияқты шаралар індетті жұқтырып алу қаупін төмендетуде»-деді Темірбек Мұсағалиев.

Сондай-ақ ол жұмысшыларды шығару уақытын жеделдете отырып Теңіз кенішін бір сәтте толықтай дезинфекциялау арқылы, таза аймақ құруға жұмыстануымыз қажеттігіне де тоқталды. 


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз