Жарнама
Жаңалықтар

Жұмыссыз жүрген жастар грант алып, кәсіп аша алады (+видео)

https://www.youtube.com/watch?v=Ppq_ibCa8hY&t=1s

Atr.kz/28 ақпан, 2019 жыл. Осыдан екі жыл бұрын еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп, жастар корпусын дамыту жобасы іске қосқан болатын. Биыл Астана мен Алматы қалалары, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жалғасатын жоба жөнінде өңірлік коммуникация қызметі орталығында өткен брифингте айтылды.

IMG 20190228 111050
cof

Атырау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Роллан Құспанның айтуынша, жоба тек оқудан бос және жұмыссыз жүрген немесе кедейлік шегінен төмен қалған 14-29 жас аралығындағы жастарды қамтымақ. Одан әрі толығырақ аталған жобаны үйлестіру агенттігінің жетекшісінің орынбасары Алена Баянбекова айтып берді.

– Алдымен үміткерлер zhasproject.kz сайтына кіріп, қажетті құжаттардың скан-көшірмесі арқылы тіркеледі (15 наурыз бен 15 сәуір аралығында). Бір ескеретіні, қатысушылар құрамы 3-5 адамнан аз болмауы керек. Содан соң смс-хабарлама келіп, жеке кабинет ашылады. Екінші кезекте алты ай бойы арнайы менторлармен (нұсқаушылар) тренингтер ұйымдастырылып, үздіктерге 1 миллион теңгеге дейін грант бөлінеді, — дейді спикер.

Бұдан бөлек, барлық қатысушыларға, соның ішінде жоғары оқу орнын бітірушілерге – 60 мың теңге, қалғандарына – 40 мың теңге ай сайын шәкіртақы төленеді. Айта кетейік, осыған дейін ұсынылған жобалардың көбі білім беру, мәдениет және спорт саласын қамтыған. Жоба, әсіресе, бала күтімімен отырған жас аналар үшін де өте ыңғайлы. Өйткені, қазір тәтті тағамдар пісіретін жастардың жарнамалары әлеуметтік желілерде көптеп кездеседі. Оларға енді алты ай ішінде арнайы цех ашуға мүмкіндік тумақ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Видео автордікі.

Сурет Ерлан АЛТЫБАЕВТІКІ.

Жобаның басты шарттары:

1.Әлеуметтік осал жастармен жұмыс тәжірибесі – 5 жыл

2.Кәсіби жетістіктер

3.Жобаларды ұйымдастыру және іске асыру тәжірибесі

4.Орта арнаулыдан жоғары білім

5.Мобильділік

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button