66217916 850163088699509 5970131870040457216 o

Атырауда заңсыз жалға берілген пәтерлер анықталып жатыр

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/11 шілде, 2019 жыл. Атырау қалалық әкімдігімен 2018 жылғы 7 қыркүйекте №366-ө «Атырау қаласында заңсыз жалға берілген пәтерлерді анықтау бойынша жұмысшы тобын құру туралы» өкімі шыққан болатын. Соның негізінде қала әкімінің орынбасары Ж.Қаражановтың төрағалығымен дербес бөлімдердің, мемлекеттік кірістер департаментінің Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының және Атырау қаласы бойынша полиция басқармасының жауапты өкілдерімен арнайы жұмысшы тобы құрылған.

Атырау қаласы әкімімен бекітілген іс-шара жоспары негізінде қазіргі таңда жұмысшы тобымен жекеменшік пәтерлер мен басқа да жылжымайтын нысандарды жалға берудегі заңсыздықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

– Сіз тұрып жатырған мекен-жай бойынша жекеменшік пәтерлер мен басқа да жылжымайтын нысандарды жалға беруде заңсыздықтар туындаған жағдайда арыз-талаптарыңызды бекітілген сенім телефоны 45-15-12 нөміріне хабарлауға болатындығын ескертеміз. Қаламызда заңсыз жалға берілген пәтерлерді анықтау жұмыстарын бірге атқаруға шақырамыз! – делінген хабарламады.

Аман ШАМАР

66674646 850163058699512 4428551005222731776 o
66245921 850163135366171 486940083232964608 o

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған