Махамбет Досмұхамбетов: «Тұтастай алғанда, жағдай тұрақты»

whatsapp image 2021 06 18 at 11.12.48 Жаңалықтар

«Атырауда өңірдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда жүйелі жұмыстар жасалып жатыр. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінен бұрын, коронавирус бойынша өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып өтті.

-Тұтастай алғанда, жағдай тұрақты. 26 мамырдан бастап облысымыз «сары» аймақта, – деді облыс әкімі.

– Инфекциялық төсектердің жүктемесі 16%-ды құрайды. 337 науқас ем алып жатыр. 12 стационарда жасақталған 2098 төсек-орынның 81-і реанимациялық, қосымша тағы 750 орын дайындалды.

Ал, вакциналауға келсек, ақпаннан бері өңірге екпенің 111 200 дозасы жеткізілді. Барлық талапқа сай келетін 41 екпе пункті ашылды. Бүгінде 69 304 адам вакцинаның бірінші және 27 569-ы екінші құрамын алды.

Қазір мұнайлы мекенде 385 нысан «Ashyq» қосымшасын енгізіп, QR-кодпен қызмет көрсетуде.

Еске сала кетелік, бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз