ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ
Бұрғылау мамандығы бойынша білім алған қызылқоғалық Дархан Сабырғалиев соңғы жылдары Қашағандағы «Монтаж» ЖШС-да мамандығы бойынша жұмыс жасаған. Маусым айында қысқартуға ұшырап, алты айдан бері жұмыссыз. Оған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бағыттары түсіндіріліп, құжаттары Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданатыны айтылды.
Жалпы, бүгінгі қабылдауға келген азаматтардың дені-жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы қызметке орналасып, кейін қысқартудың қармағына ілінгендер. Ал, олардың 30-40 пайызы жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөліміне тіркелмеген. Осы секілді, Вокзал маңы ықшамауданы тұрғыны Алтынгүл Дәулетқызына қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барлық құжаттарымен келіп, жұмыссыздар тізіміне тіркелу тапсырылды. Сондай-ақ, Клара Мұқашкереева алдағы қаңтар айынан бастап жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары ашылатынынан хабардар етті.
Рита ӨТЕУҒАЛИ.