Атырауда Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

80f7d311 75aa 4488 bfe4 f9040e6f369d Жаңалықтар

Бүгін, 25 қазан – Республика күніне орай Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті.

ccfd9b0b fec5 4746 8059 8fb3576d1b43

Аймақ басшысы алдымен тұрғындарды Республика күнімен құттықтады:

– Қадірменді ағайын, баршаңызды бүгінгі ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз сан ғасырдан бері армандап өткен тәуелсіздігіміз 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларациямен келгенін бәріміз білеміз. Міне, бірнеше жылдан кейін Ұлытауда өткен ұлы жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы күнді тарихи сахнаға қайта алып келуге ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы мен халқымыздың бірлескен шешімі аясында бұл күн қайта жаңғырды. Республика күні көк байрағымыздың көкте желбіреуі жас ұрпақтың елім, жерім деген намысын қайрай түседі деп ойлаймын. Ең бастысы, ынтымағымыз жарасып, ырысқа бөленіп жүрейік. Лайым Туымыздың тұғыры биік болсын! – деді Серік Жамбылұлы.

52e10746 90e2 409b b17e 9e0a1ed390f0

Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

1b6e9feb 3890 42f8 9e5b fa92cb86c43e

А.Кенже

Суретті түсірген Ә.Әбілғазиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз