20 жыл бойы ауырып келген аллергиясынан айықты

img 20201022 1719561 Жаңалықтар

Atr.kz/22 қазан, 2020 жыл. Атырау қаласының 42 жасар тұрғыны 20 жыл бойы аллергиясынан айыға алмай келген болатын.

«Tinfo.kz» сайтының мәліметіне сүйенсек, науқастың тыныс алуы өте қиынға соғып келген.

«Біз Ғалия Түсіпбекованың байланыс нөмірлерін тауып, көмек сұрадық. Ол өз кезегінде карантин жеңілдеген соң аяқтай келу керектігін айтты» дейді науқастың анасы.

«2000-жылдардың басында науқас аллергологтың алдына барған кезде «аллергиялық ринит» диагнозы қойылды. Ол түрлі ем қабылдаған, бірақ еш нәтижесі болмаған. Оған қазір ем-домда қолданылмайтын дипроспан дәрісі жазылып берілген. Бұл науқастың жағдайын уақытша жақсартқан. Әйтсе де, оны жиі қолданудың кері әсері де бар екенін ұмытпау керек» дейді Президент емханасының аллерголог-иммунологы Ғалия Түсіпбекова.

Ақыры, дипроспанмен емдеу тоқтатылып, компьютерлік томографиямен тексеріс жүргізілді.

«КТ нәтижесінде мұрын үстінің қисайғаны және созылмалы синусит ауруы анықталды. Оның мұрнын хирургиялық жолмен түзеуді ұсындық. Бұл ең оңтайлы шешім болды» дейді Президент емханасының оториноларинголог-дәрігері Талапбек Аженов.

Науқасқа бір айдан соң портал арқылы тегін ота жасалды. Дәрігердің сөзінше, тыныс алу анағұрлым жеңілдеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз