Зейнетақы мен жәрдемақы
Қандай мөлшерде қолға тиеді?
Бәрімізге белгілі, Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауының бәрінде тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына орасан зор мән беріп, барынша оны жақсартуға жұмыстанады. Осы мәселеге орай бүгін біз ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВА ханыммен сұхбаттасып, алдағы жылы зейнетақы мен жәрдемақыға енгізілетін өзгерістерді сұрап білдік.
— Алдағы 2017 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 459 теңгеге дейін көтерілді, ал, ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан 22 859 теңге болған. Осыған байланысты зейнеткерлік базалық төлемдер 12 802 теңге болады.
Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы мөлшерінің барлығы 9 пайызға арттырылды.
— Біздің облыста қанша зейнеткердің зейнетақысына өзгеріс енгізіледі, категориялары бойынша жіктеп айтсаңыз?
— Атырау облысы бойынша 53 мыңнан астам зейнеткердің зейнетақы мөлшері өзгертіледі. Ең аз күнкөріс деңгейінің мөлшері 22 859 теңгеден 24 459 теңге болып өзгеруіне байланысты барлық әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері де өзгертіледі.
Мүгедектігіне, жалпы аурулығына байланысты
І топ үшін 40 690 теңгеден 43 538 теңге,
ІІ топ — 31 775 теңгеден 33 999 теңге,
ІІІ топ — 22 402 теңгеден 23 970 теңге болды
16 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге 29 946 теңгеден 32 042 теңгеге жетті.
Бала жастан, және 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектерге
І топ үшін 40 690 теңгеден 43 538 теңгеге,
ІІ топ — 33 146 теңгеден 35 466 теңгеге,
ІІІ топ — 26 060 теңгеден 27 884 теңгеге өсті.
Осылармен қатар бала 1 жасқа жеткенше күтіммен отыр-ған аналарға:
Бірінші балаға 12 217 теңгеден 13 070 теңгеге
Екінші балаға 14 445 теңгеден 15 452 теңгеге
Үшінші балаға 16 650 теңгеден 17 812 теңгеге
Төртінші және одан да көп балаға 18 877 теңгеден 20 195 теңгеге көбейеді.
Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 66 621 теңгеден 71 270 теңгеге өсірілді. Ал төртінші және одан кейінгі бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшері 111 035 теңгеден 118 783 теңгеге дейін өзгертіледі.
Барлығы облыс бойынша 185 мыңнан астам әлеуметтік төлем алушылардың төлем мөлшері өсіріледі.
— Мәншүк Сиранқызы, Елбасымыз 2017 жылы зейнетақы мөлшері 20 пайызға өседі деді. Соны тарқатып айтсаңыз.
— Иә, жыл басында — 9, алдағы шілденің 1-інен бастап 11 пайыз-ға өседі. Ал, 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы мөлшерін есептеу тәсілі (еңбек өтіліне қарай) өзгереді.
— Әңгімеңізге көп рахмет.
Лиза СЕЙТІМОВА