Атыраулық оқушы Түркиядан жүлдемен оралды

T rkiyadan1 Жаңалықтар

Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы Мәулет Сағындық Түркия елінің Анталия қаласында өткен халықаралық «Art-Talant-Turkey» өнер байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

Түркиядан1

Алғаш сегіз жасынан домбыраны жанына серік еткен жас өрен конкурста Сейілхан Құсайыновтың «Мереке», Нұрдәулет Бисенұлының «Балдырғандар биі» күйлерін орындап, шетелдіктерді өзіне тәнті етті. Байқауға аспаптар номинациясы бойынша Түркия, Ресей, Болгария, басқа да шет мемлекеттерден барлығы жүз сайыскер қатысты.

11 жасар Мәулеттің бұған дейінгі жетістіктері де аз емес. Биыл ол республикалық «Қазақстан таланттары», «Дарабоз» конкурстарынан бес жүз қатысушының ішінен бас жүлдені жеңіп алып, аталған халықаралық конкурсқа тегін жолдама алды. Бүгінгі жүлдесі оның өнерге деген ынтасын одан әрі  арттыруда. Алдағы уақытта әлі де талай асуды аларына сенімім мол, – дейді  ұстазы Шолпан Жылқышиева.

Өз тілшіміз.

Мақат ауданы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз