Ноғаев оқушыларды мектепке автобуспен тасып жүрген шенеуніктерді сыбап тастады (фото)

pogudx2vgdu89gk4v.70e7c68a 1 Білім

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев орынбасарлары мен басқарма басшыларын оқушыларды мектепке автобуспен тасып жүргені үшін сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

OSI

Аймақ басшысының айтуынша, басшылардың жұмысты дұрыс жоспарламауының кесірінен аймақтағы 3 ауысымдық мектептер жойылмай тұр. Бұл туралы облыс әкімі бүгін, 7 ақпанда өткен жиналыста айтты.

“Жобаларды ертерек дайындау керек екенін басында бірден ескерттім. Бұл бағытта ешкім жұмыс істемеген. 3 ауысымдық мәселесін жою үшін мектеп салайын десек – дайын тұрған жоба жоқ, дәрігерлік амбулатория салайын десек – тағы жоба жоқ. Енді жоба деп тағы айлап жүресіздер. Салғырттықтарыңыздың кесірінен халық жапа шегіп отыр. Кейбір оқушылар мектепке автобуспен қатынап жүр. Олардың не кінәсі бар? Бұған кім жауап береді”, – деді аймақ басшысы осы салаға жауапты орынбасарларына.

pogudx5pm0duj75m5.6cf9ecad

Айта кетелік, қазір облыстағы 194 мектептің тоғызы үш ауысыммен сабақ өткізіп отыр. Атырау облысындағы халық санының көбеюінен мектептерде орын жоқ. Соның салдарынан, оқушылар діттеген оқу орындарына автобуспен жеткізіліп жүр.

Аймақ басшысы бұл мәселені шешуді жылдамдатуға тапсырма берген соң, мектепке дейінгі білім беру орындарының жағдайына тоқталды. Ол балабақшалардағы кезекті жою үшін кәсіпкерлерді көптеп тарта түсу керек екендігін айтты.

pogudx4noijsslid1.e0350b42

“Қала әкімдігі жеке серіктестік арқылы 20 балабақша саламыз дедіңіздер. Бұл жұмысты үдете түсу керек. Балабақшаларға қатысты талаптар жеңілдетіліп жатыр. Кәсіпкерлер мемлекеттік жеңілдіктерді білуі қажет”, – деді аймақ басшысы.

Айта кетелік қазір облыста мемлекет пен кәсіпкерлік серіктестік аясында 3 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нақтырақ айтсақ, ықшам ауданындағы аусымына 250 келімге есептелген емхана құрылысы, Балықшы кентіндегі 160 орындық балабақша ғимаратын қайта жаңғырту, «Ақсай» ауылындағы аусымына 25 келімге есептелген дәрігерлік амбулатория құрылысы жұмыстары.

Жоспарланып отырған жобалардың ішінде айтылған 20 балабақшадан бөлек Атырау қаласындағы сол жақ жағасында заманауи кәріз тазарту ғимаратын салу, қаладағы «Солтүстік шығыршық» электрмен жабдықтау объектілерінің қалпына келтіру, Атырау қаласы аумағында 8 мектеп салу жобалары бар.

Нұрлан Ноғаев сөзінің соңында айтылған кемшіліктерге қарамастан аймақта барлық салада оң өзгеріс бар екенін, осы тенденцияны сақтау үшін бар қуаттың жұмсалатынын айтты.

“Атырау облысы барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім бар. 22 ақпанда тұрғындардың алдында есеп бергенде әр мәселеге тоқталып өтемін. Біздің мақсатымыз – атқарылып келе жатқан жұмысты одан әрі жандандыру. Ұстанған бағытымыз айқын. Жұмысты тоқтатпаймыз”, – деді Нұрлан Ноғаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз