0 1

Атырауда алты мектепте үш ауысымдағы оқу жойылады

Жаңалықтар

Atr.kz/26 тамыз, 2020 жыл.  Қазіргі уақытта  жалпы 2100  орындық 3 мектептің құрылысы жүруде.  2 мектепке әрқайсысы 120 орындық жапсаржай салынуда.


«Бұл туралы тамыз кеңесінде Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев айтты» деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз-қызметі.  


«Құрылыстар ағымдағы жылы аяқталады. Нәтижесінде 6 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілетін болады» деді Сатқан Есенғалиев.  


Еске сала кетелік, облыста бүгінде үш ауысымды 12 мектеп, 5 апатты мектеп бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған