Заңсыз жанармай тиеген көлік ұсталды

fb img 1595402658254 Жаңалықтар

Atr.kz/22 шілде, 2020 жыл. Полиция қызметкерлері  Мақат ауданы аумағының шыға берісінде  екі  «Газель»  автокөлігін тоқтатады. 

Тексеріс барысында  көлік үстіне тиеп алған жанар-жағармай сұйықтықтары, сонымен қатар, сол сұйықтықты соруға және айдауға арналған құрылғыларды  анықтады.

Аталған дерекке байланысты облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев түсінік берді.

«Тексеру барысында қос көлік жүргізушілері 1984ж.т. және 1992 ж.т.  азаматтарда жалпы салмағы 6,6 тонна  сұйықтыққа қатысты    ешқандай құжаттар  болмай шықты. Тәркіленген  жанар-жағармайға  сараптама тағайындалды» – деді ведомство басшысы.

Қазір бұл заң бұзушылық бойынша  ҚР ҚК-тің 197 бабымен, яғни «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау»
деген айыппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру  амалдары басталды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз