Жарнама
Жаңалықтар

Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне Кенжемұратова Айша Бауыржанқызы тағайындалды. 

Бұл туралы өзі әлеуметтік парақшасында жариялады. Айша Кенжемұратова 2000 жылы 12 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген.

2015-2019 жылдары Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, 2019-2022 жылдары С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын аяқтаған.

2018-2023 жылға дейін Атырау облысы әкімі аппаратаның Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналист, Атырау -Ақпарат медиахолдингі Жаңа медиа бөлімінде журналист, қазіргі уақытқа дейін Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы қызметінде болған.

Еске сала кетейік, 10 шілде күні Атырау қаласының әкімі болып Шәкір Кейкін Кейкінұлы тағайындалды.

 Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button