Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Заң саласында – заманауи тренд

Аtr.kz/29 сәуір, 2019 жыл. Өткен аптада Атырау облыстық соты ақпарат құралдары өкілдері мен қоғам белсенділеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды. Шара барысында бағдарламалық құжаттар аясында соттарда жүзеге асып жатқан озық жобаларды таныстыру көзделді.

Алдымен, қонақтарға жаңа технологияларды енгізу, сотқа қатысушыларға хабарлама жіберу, дыбыс-бейне жазбаларды сот барысында қолдану жайы түсіндірілді. Бұдан кейін қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті Уалиева және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судья Марина Черняховская Елбасының Жолдауы шеңберінде соттарды жаңғыртудың негізгі бағыттарын түсіндіріп, қатысушыларға «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша соттармен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

f24b3290 0b87 4b22 90e4 f26b619200c3

Кездесу облыстық соттың мұражайына экскурсия жасаумен жалғасып, кейін инновациялық технологиялармен танысу мақсатында қатысушылар Атырау қалалық сотына барып, смартфондағы бейнебайланыс арқылы қаралған сот процесіне қатысты. Облыс бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Гүлжан Жұмағалиева «Мұндай жаңа технологиялар сот жүйесін жүйелеуге мүмкіндік бере отырып, барлық процестерді айқын және түсінікті етуге, құжаттармен жұмыс істеу кезінде адам факторын азайтуға серпін береді» деді.

46e02a27 3e6e 4ec6 b13e 49fb17ef2953

Шара соңында адвокат Дияр Юсупов бұл кездесу жағымды әсер қалдыратын достық қарым-қатынаста өткенін атап өтті. «Осы тектес іс-шаралар азаматтардың құқықтық деңгейін көтеруде, сот қызметкерлері мен адвокаттардың, заңгерлердің, медиаторлар мен нотариустардың арасында тәжірибе алмасуына оң үрдіс қалыптастырады, сондай-ақ сот төрелігі сапасын жақсарту мен сот жүйесінің ашықтығына қуатты серпін береді», — деді Д.Юсупов.

53170b99 af03 43b3 b7f1 8013cbddc8da

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, татуластыру рәсімдерін және заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың артықшылықтары туралы хабардар етті. Жалпы, баспасөз туры барысында сот жүйесінің жұмысын  айтарлықтай жеңілдету мақсатында бірқатар пилоттық жобалар енгізіліп, іске асырылғанының куәсі болдық. Өз кезегінде қатысушылар кездесудің маңызды екенін айта келіп, «мұндай тәжірибе және пікір алмасу — ақпараттық сервистерді дамытуға мүмкіндік береді» деген тоқтамға келді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button