Атырауға іссапармен келген Ішкі істер министрі қандай ескерту жасады?

img 20210315 wa0066 Жаңалықтар

Учаскелік инспектордың өзі қызмет ететін әкімшілік аумақта тұрақты болуына жағдай жасалады.

Бұл туралы облысқа іссапармен келген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап көрсетті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдің бас полицейі сапар барысында Атырауда ашылған тәулік бойы азаматтарды қабылдайтын жаңа 7 модульдік полиция пунктінің жұмысымен танысты.

– Біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша полицияның сервистік моделіне көшуді жүзеге асырып жатырмыз. Оның негізгі қағидаттарының бірі – «Жұртқа жақын полиция». Осы тұжырымдаманың жұмысын жүргізуде қазіргі заманауи модульдік бекеттер өзінің тиімділігін дәлелдеді. Өйткені, осындай бекеттер орнатылған аудандарда құқық бұзушылық саны айтарлықтай төмендеді.

Жалпы, құқық қорғау органдары халықпен тығыз жұмыс істейтін жерлерде қылмысқа қарсы күрестің оң нәтижелерін көріп отырмыз. Халық та ішкі істер органдары жүйесінде оң өзгерістерді сезіне отырып, өз бастамаларын да ұсынуда. Сонымен қатар, тұрғындар тәртіп сақшыларымен ынтымақта болуға мүдделі. Өйткені, тұрғындар үшін қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылық қашан да зор маңызға ие, – деді Е.Тұрғымбаев.

Министрмен ке зде суде тұрғындар полиция жұмысына о ң б а ғ а бе р і п , у ч а с ке л і к инспекторларға алғыс білдірді. Олар бүгінде полицейлердің жеделділігі мен тұрғындармен ілтипатты қарым-қатынасы артқанын атап өтті. Ал, министр ішкі істер органдарын жаңғырту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

– Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан, жергілікті полиция қызметінің реформасына сәйкес, учаскелік инспектордың өзі қызмет көрсететін әкімшілік аумақта тұрақты болуына жағдай жасаймыз. Алдағы уақытта облыста криминогендік аудандарда және адамдар көп жиналатын жерлерде тағы 17 заманауи стационарлық бекет орнату жоспарланды, – деді министр.

Қазір Атырау облысында жергілікті әкімдіктің қолдауымен жаңа 34 учаскелік полиция пунктінің құрылысы аяқталды. Олардың 22-сі учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ыңғайлы және жедел ету үшін тұрғын үйлермен біріктірілген. Осы және өзге де жұмыстармен облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев таныстырды.

О д а н ә р і м и н и с т р Е.Тұрғымбаев Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерді аралап, сотталғандар жасаған өнімдермен танысты. Мұндағы қызметтің негізгі бағыттары – металл конструкциялары, тігін бұйымдары, металлпластикалық терезелер жасау және ағаш өңдеу. Сондай-ақ, министр сапар барысында ішкі істер органдарының бөлімдерінде жаппай бейнебақылау орнатуды жеделдетуді тапсырды. Облыстың полиция нысандарында 265 бейнебақылау камерасы орнатылады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз