Жаңалықтар
Қымбат қала қайсы?
Сарапшылар туристер үшін ең қымбат қалалардың тізімін жариялады. Көш басында Дубай қаласы тұр. Оған баратын саяхатшылар орташа есеппен 537 АҚШ долларын жұмсайды екен.
Екінші орынды Париж иеленеді. Мұнда туристер орташа есеппен 301 доллардан қалдырып отырады. Үшінші орынға 286 доллармен Сингапур қаласы жайғасты. Сондай-ақ, үздік бестікке Сеул (181 доллар) және Бангкок (173 доллар) шаһарлары енді. Олардың ізін Токио (154 доллар), Лондон (153 доллар) және Нью-Йорк (147 доллар) енді. Осы орайда, рейтингті құрастыру кезінде «Mastercard» компаниясы 162 елдегі туристердің төлем жүргізу операцияларының деректерін пайдаланғанын атап кеткен жөн.