![UTEBAEV UNIVERSITY елордадағы "Жұмысшы мамандықтар қаласы" көрмесінде 1 45ce7fa5 a1fa 45eb 88df 2ca7ea69b77a](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/45ce7fa5-a1fa-45eb-88df-2ca7ea69b77a-780x470.jpeg)
UTEBAEV UNIVERSITY елордадағы «Жұмысшы мамандықтар қаласы» көрмесінде
UTEBAEV UNIVERSITY еліміздегі колледждер, университеттер және өндірістік компаниялар бас қосқан «Жұмысшы мамандықтар қаласы» көрмесіне қатысып, «Техно әлем» тақырыптық аймағында заманауи цифрлық шешімдерін ұсынуда. Университет мұнай-газ саласына қажетті мамандарды даярлауға арналған инновациялық VR-бағдарламасын, кен орындарының цифрландыру және интерактивті қауіпсіздік техникасындағы жетістіктерін көпшілікке таныстырды.
![UTEBAEV UNIVERSITY елордадағы "Жұмысшы мамандықтар қаласы" көрмесінде 2 369e091e 6493 4931 be14 25dc11b4b2e8](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/369e091e-6493-4931-be14-25dc11b4b2e8-576x1024.jpeg)
Көрмеде «3D VR бұрғылау» технологиясы түсіндірілді. Бұл инновациялық жоба виртуалды шындық технологиясын пайдалану арқылы мұнай-газ саласындағы студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге бағытталған. UTEBAEV UNIVERSITY ұсынған VR шешімі студенттер мен сала мамандарына кен орындарын зерттеуге, бұрғылау алаңдарын визуалды түрде бақылауға және өндірістік нысандармен танысудағы қауіпсіздікке мүмкіндік береді.
Көрмеде мұнай өндіруші кәсіпорынның бұрғылау алаңына арналған 3D VR-тур ұсынылады. Виртуалды орта бұрғылау мұнарасы, көтергіш құрылғы, жоғарғы жетек жүйесі, бұрғылау сорғылары, цементтеу жабдықтары, ластануды болдырмау жүйесі, құбырлар қоймасы және басқа да маңызды жұмыстарды шынайы түрде бейнелейді. Интерактивті формат қолданушыларға нысан ішінде еркін қозғалып, жабдықтарды зерттеп, біріктірілген бейнедәрістерді тамашалауға, технологиялық операцияларды орындауға және жұмыс процестерін талдауға мүмкіндік береді.
![UTEBAEV UNIVERSITY елордадағы "Жұмысшы мамандықтар қаласы" көрмесінде 3 649cd76b f89a 45f8 b97c eecf2d3296c5](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/649cd76b-f89a-45f8-b97c-eecf2d3296c5-768x1024.jpeg)
UTEBAEV UNIVERSITY кен орындарының цифрдандырып, технологиялық процестерді модельдеуге, пайдалану параметрлерін талдауға және жабдықтардың әртүрлі жағдайлардағы жұмысын болжауға мүмкіндік береді. Бұл шешімдер өндірістік нысандарды жобалауды, пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін қолданылады. Виртуалды модельдер мамандарға өндіріс қауіпсіздігіне әсер етпей, әртүрлі сценарийлерді тестілеуге және қауіпсіз цифрлық ортада оқыту жүргізуге жол ашады.
– Бүгінде UTEBAEV UNIVERSITY білім беру үрдісіне жасанды интеллект, цифрлық оқыту платформалары және инновациялық әдістерді енгізуді мақсат етеді. «Жұмысшы мамандықтар қаласы» көрмесіне қатысу университет үшін тек өз технологияларын таныстыру емес, сонымен қатар өндіріс саласындағы мамандар мен білім беру ұйымдарының өкілдерімен тәжірибе алмасудың маңызды мүмкіндігі болды. Осы көрме аясында университет түрлі серіктестермен келіссөздер жүргізіп, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, – деді Басқарма төрағасы-ректор Гүлзада Шакуликова.
UTEBAEV UNIVERSITY көрмеден алған тәжірибені оқыту үдерісін цифрлық трансформациялау және өндірістік технологияларды білім беру жүйесіне енгізу бағытында қолдануды жоспарлап отыр. Университет заманауи EdTech шешімдері мен VR технологияларын оқу процесіне бейімдеу, профессор-оқытушылар құрамын сандық технологияларды тиімді пайдалануға үйрету, сондай-ақ сала мамандарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту бағытында жұмыс жүргізеді.
UTEBAEV UNIVERSITY техникалық білім сапасын арттыруға, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге және өндірістік технологияларды білім беру жүйесіне интеграциялауға өз үлесін қосуды жалғастырады.