Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындау мақсатында 23-24 қараша аралығында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығу жоспары:

 23 қараша күні  сағат 11:55 шамасында (түскі уақытқа дейін) «Баршаның назарына» дабыл сиренасы іске қосылады.

Оқу-жаттығу аясында өткізілетін іс-шаралар:

•             2023 ж 23 қараша сағат 09:00-де — шұғыл ден қою жасағының (жеке құрам мен техника) саптық дайындығын тексеру. Өтетін орны — «Салтанат сарайы» ғимаратының тұрағы.

•             24 қараша сағат 09.00-де — қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жою бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу (ЖЭО). Өтетін орны:  «Жылу электр орталығы» АҚ.

•             24 қараша сағат 10:00-де — жолдарды жабу бойынша іс-қимылдарды пысықтау. Өтетін орны: Атырау-Орал тас жолы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button