Атырауда алғаш рет арбада билеуден ел чемпионаты өтті (+ФОТО)

61685190 2436399769913733 6751039284746125312 o Жаңалықтар

Atr.kz/3 маусым, 2019 жыл. Атырауда алғаш рет парабиден (арбадағы би) ел біріншілі өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен 26 жұп қатысып, «Атырау» дене шынықтыру кешенінде өнер көрсетті. Сөйтіп, дүйім жұрттың алдында мүмкіндіктері шеутеулі боғланымен, құлшыныстары шексіз екенін тағы бір рет дәлелдегендей болды.

Расымен де, би – қамкөңіл жандар үшін таптырмас мүмкіндік. Сол би арқылы олар көпшілік назарын өздеріне аудартып, қоғамға қажет екендіктерін, әр қадам сайын кездесетін қызықтар мен қиындықтарды барынша жеткізе алды.

61612222 2436399863247057 8115264590381580288 o
61673390 2436399913247052 4013521031145717760 o
62398096 2436399949913715 4829973908725694464 o
61805282 2436399979913712 2456761069004128256 o

Сондай-ақ, чемпионат аясында халықаралық би спорты бойынша «ЕврАзия-2019» турнирі ұйымдастырылды. Осы орайда, қос шараны да «Аэлита» би клубы өткізіп отырғанын айта кеткен жөн.

Жарыс қорытындысымен түрлі номинациялар өз жеңімпаздарын тапты. Оларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

– Әр түрлі өңірлерде осындай жарыс өткізу арқылы ерекшке қажеттіліктері бар адамдарды оңалтуға болады. Бұл ҚР Тұңғыш Президентінің кедергісіз орта құру туралы тапсырмасының мониторингі болып табылады. Халықаралық турнирге қатысу үшін ең жақсы параспортшылар іріктелініп алынды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға көп көңіл бөлу керек. Облыстық және қалалық деңгейде спорттық биді дамыту қажет. Осындай жарысты өткізу мұнайлы астанамыздың тарихында маңызды іс-шара болатынына сенім мол. Бұл жергілікті мәдениет саласы мен спорттық бидің дамуына оң әсер етпек, – дейді ұйымдастырушылар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

62022789 2436399826580394 8137013956876173312 o
61712332 2436399653247078 6837549095842742272 o
61820796 2436399713247072 1374037772603490304 o
61691665 2436399589913751 8918259415572807680 o
61831629 2436399563247087 23706759185039360 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз