Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері бір күндік жалақыларын Арыстың зардап шеккен тұрғындарына аударады

WhatsApp Image 2019 06 25 at 10.57.38 Жаңалықтар

Atr.kz/25 маусым, 2019 жыл.  Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері, жергілікті атқарушы органдарға қарасты ұйымдар бір күндік жалақыларын Түркістан облысындағы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде аударады,- деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 
​Әкімдікте атап өткендей, қиын кезеңде отандастарына қолдау көрсету – әрбір қазақстандықтың парызы.
​- Арыста орын алған қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Еліміз үшін күрделі осы кезеңде баршаңызды бірлесуге және қолдан келгенше көмектесуге шақырамыз,- деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі. 
​Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының Атырау филиалында әскери қоймадағы жарылыс кезінде зардап шеккен Арыстың тұрғындарына көмек қабылдау пункті ашылды.
Мұқтаж жандарға қажетті заттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 79а, «Nur Otan» партиясының ғимараты. 
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласу қажет:
+7​ 775​ 000 2885 Ринат, +7​ 775​ 363 7848 Динара

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз