Үш миллиондай адам әлеуметтік көмек алады
Atr.kz/1 сәуір, 2020 жыл. Бүкіл дүниежүзін дүр сілкіндірген коронавирус кеселі өршіп барады.
«Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың арнайы мәлімдеме жасап, әлеуметтік жеңілдіктері ұсынуы халықтың ертеңге деген сенімін күшейтті» дейді Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия ТӨЛЕҒАРИЕВА.
«Президент тапсырмасына сəйкес, сын сағатта табысынан айырылған азаматтар ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы алады. Анығырақ айтсақ, 42 500 теңге көмекті алатын азаматтардың санаты кеңейеді.
Сондай-ақ, осындай қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер де, ресми тіркелмей жұмыс жасаушылар да ие болады.
«Бұл шамамен үш миллиондай адам болуы ықтимал. Тұрмыстық қажетті заттар мен азық-түлікті 800 мыңнан астам адам алуы мүмкін,» — деді өз мəлімдемесінде Президент.
Атамыз қазақ «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп орынды айтқан ғой. Мемлекет басшысының уақытында алып жатқан əлеуметтік көмек-қолдауын қазақстандықтар жақсы түсінеді, осындай қажеттіліктерге деген өздерінің өтініштерін үйлерінен шықпай, он-лайн түрде жолдайды деп сенемін» дейді Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия ТӨЛЕҒАРИЕВА.
Лиза СЕЙТІМОВА