Ұландықтар ұлықталды

whatsapp image 2022 02 28 at 13.06.56 Жаңалықтар

Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінің құрылғанына биыл 31 жыл. Бұл қоғам қауіпсіздігін қырағылықпен қадағалап, ұлт намысын қорғап жүрген  қайсар ұландардың кәсіби мерекесі. Салтанатты шарада 5546 әскери бөлімінің командирі, полковник Манат Наукеев ардагерлер мен әскери қызметшілерді атаулы күнмен құттықтады.

Қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ұлттық ұланның басты міндеті. Бүгінде кәсіби біліктіліктерін жоғарылату, тәжірибелік білімдерін арттыру арқылы ұландықтар күш-құрылым органдары арасында лайықты орнын алды. Біздің әскери бөлім қоғамдық тыныштықты сақтау, маңызды мемлекеттік нысандарды қорғау, мемлекет аясында өткізілетін іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді бірқатар өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруда, – деген Манат Қасымбекұлы Ұлттық ұланның қатарында қызмет ету жастарға құрмет екенін атап өтті.

Қаңтар оқиғалары кезінде саптағы сарбаздар азаматтық қоғам мен бейбіт тұрғындарды жанқиярлықпен қорғауға, өздерінің конституциялық борыштарын орындауға дайын екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осы күндері міндетін мінсіз атқарған әскерилер – Нұрлан Жұбанышқалиев және Бексұлтан Ағыбаев I дәрежелі «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісіне ие болды. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан қатардағы сарбаздар Миржан Әбілхан, Владислав Колесников, Талғат Абдуллаев, Расул Егізбаев және тағы басқалары Ішкі істер министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

whatsapp image 2022 02 28 at 13.06.56 1

Салтанатты шарада әскери қызметтің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосып жүрген мекеме басшылары да марапатталды. Атап айтқанда, «Atyray» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиевке «Қазақстан Республикасының құқықтық тәртіп әскеріне – 30 жыл» және Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның директоры Хамиль Сүйекбаевқа II дәрежелі «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгілері табысталды.

whatsapp image 2022 02 28 at 13.06.55

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз