Астрахандықтар Атыраудан көмек сұрады

1424841575 him reagent copy Жаңалықтар

Астрахандық бизнесмендер, атап айтқанда, ауылшаруашылық, тамақ және тұрмыстық химия өнеркәсібінің өкілдері өз өнімдерін өткізу бағытында облыстық кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады.

crop_dsc-0653_1539686903

Атырау аумағында қазір Ресей капиталымен 319 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл – мұнай-газ секторы, құрылыс, жабдықтау, механизмдер, ақпараттық технологияларды жеткізу, азық-түлік өнімдерімен көтерме сауда жасайтын компаниялар. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша тауар айналымы  164,7 миллион АҚШ долларын (108,6%) құрады.  Оның ішінде, экспорт 18,3 млн., ал, импорт 146,4 АҚШ долларына артқан.

Аталған кезеңде Ресейге – күкірттің барлық түрі, мұнайлы газ бен газ текті көміртектер, қара метал қалдықтары мен сынықтары, қайта балқытуға арналған қара метал құймалары, тірі балық және басқалары экспортталған. Ал, импорт қатарында азық-түлік, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары мен киім-кешектер бар. Бүгінде астрахандықтар балық шаруашылығы мен құс өсіретін кәсіпорындарға, азық-түлікті көтерме бағамен сататын жеткізушілерге қызығушылық танытып отыр.

– Кішігірім цехтен бастағанбыз, енді кондитерлік фабрикамыз жаңаша технологиялармен қамтылған. Заманауи қойма, орынжайларымыз бар. Барлығы алпысқа жуық өнім шығады. Тауарлар Махачкала, Грозный, Волгоград, тіпті, Армавирде сатылады. Енді қазақстандық нарыққа шығуды көздейміз, – дейді «Якубова» жеке кәсіпшілігінің директоры Юрий Рыжков.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз