Жарнама
Жаңалықтар

Ұландықтар абзал жандарға алғыс айтты

Кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында Халықаралық медбикелер күніне орай медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

61048d8d d837 4a7b a0ac 10a57cc05eca

Аталған қолбасшылықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір өңірлік қолбасшылықта жүзге жуық медицина маманы — дәрігерлер, фельдшерлер мен медбикелер қызмет етеді. Олар күнделікті әскери қызметтің тыныс-тіршілігінде маңызды рөл атқарып келеді. Әскери қызметшілердің денсаулығына оқу-жаттығу кезінде де, іссапар жағдайында да көмек беріп, әрдайым жанынан табылады.

Салтанатты жиын барысында бөлім басшылығы ақ халатты қызметкерлерге алғыс айтып, олардың еңбегін жоғары бағалады. Әсіресе, мейірбикелердің мейірімділігі мен атқаратын еңбектері ерекше атап өтілді.

– Біздің медициналық қызметтің ең басты міндеті – сарбаздардың денсаулығын қадағалап, уақытылы көмек көрсету. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Осы салада аянбай еңбек етіп жүрген барлық әріптестерімізге алғысымыз шексіз, – деді бөлім басшылығы.

Шара соңында бірқатар медицина қызметкері марапатталып, оларға денсаулық, отбасылық бақ-береке және еңбекте толағай табыс тілегі айтылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button