vpveukeukeuke

Атырауда жаңа мәдениет үйлері бой көтерді (+ВИДЕО)

ATR.TV Жаңалықтар Мәдениет

Atr.kz/1 қыркүйек, 2020 жыл. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықтың мәдени-рухани демалысын арттыру мақсатында кешенді жоспар қолға алынған болатын.

Соның негізінде, облыстық құрылыс басқармасымен тапсырысымен НКОК компаниясының қолдауымен 2016 жылы Атырау қаласы Ақсай ауылдық округінде «Тоныкөк» мердігерлік компаниясы құрылыс жұмысын жүргізуімен 200 орындық типтік үлгідегі мәдениет үйінің ғимараты, 2018 жылы Еркінқала ауылдық округінде облыстық құрылыс басқармасымен тапсырысымен, НКОК компаниясының қолдауымен «Разастрой» мердігерлік компаниясының құрылыс жұмыс жүргізуімен 200 орындық типтік үлгідегі мәдениет үйінің ғимаратының салынуы басталған болатын.

2020 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, 30 тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы Күні және 1қыркүйек- Білім күні қарсаңында екі бірдей мәдениет үйі ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр. Мәдениет үйлерінің 1-қабатында сахна, көрермен залы, реквизиттер және гримдеу кабинеттері, VIP залы, үйірмелерге арналған бөлмелер, хореография залы және ауылдық кітапхана орналасқан. 2-қабатында оператор, дыбыс пен жарық жабдықтары бөлмелері бар.

Еркінқала мәдениет үйі тарихынан:

1967 жылы Кеңес Одағы дәуірінде Еркінқала ауылында 350 орындық мәдениет үйі ғимараты салынып пайдалануға берілген еді. Тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналған селолық мәдениет үйі күтімнің жоқтығынан 2003 жылы апатты жағдайға дейін жетті. 2003 жылы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің балансына берілді. Авариялық жағдайдағы ғимаратта жұмыс жасауға мүмкіндік болмағандықтан ауылдағы «Шәріп» мейрамханасының бір бөлмесінде мәдени жұмыстарды жалғастыруға тура келді. Мәдениет ошағы ондаған жылдар бойы ғимаратсыз отырса да, мәдени көпшілік шаралар тоқтаған емес. Би, Ән үйірмелері жұмыс жасайды.

Ақсай ауылдық клубы тарихынан:

Ақсай ауылдық клубы 1984 жылдары Гурьев құс фермасы фабрикасының балансында болған. 1997 жылғы экономикалық реформаның кезінде клубтар қысқартылып, клуб жұмысы тоқыруға ұшырады. Сол жылдары Ақсай, Ақжар елдімекендеріндегі клуб ғимараттары жекеге сатылып кетті. Аз құраммен ауылдық клуб өз жұмысын ауылдағы қоғамдық орындардың бірі орта мектептің бір бөлмесінде жалғастырды, 2009 жылы ауылдағы жекеменшік нысан жалға алынып беріліп, күні бүгінге дейін сол жерде жұмыс жасалып келді.

Қазіргі кезде ауылдық клуб жанынан би, ән үйірмелері жұмыс жасайды. Ауыл көркемөнерпаздары ән жанры бойынша республикалық, облыстық байқауларды жүлделі орындар жетегінен көрініп жүр.

https://l.facebook.com/l.php?u=https%3A%2F%2Fwww.instagram.com%2Ftv%2FCEZvZ41BBfO%2F%3Figshid%3D1utrzgd482rlq%26fbclid%3DIwAR3kyHEnyxG0LDcXffCnilynTsMKhsnpPUnKmi37kv0vRj1FcBG2hBXv3ME&h=AT2BX8FdWVnpaDFqKPD9hiu3L2JdHNtPq2B32lQXNVepzAV2gHB5IOhYII_b_ic00-T5lOexCkBcbSRS7XMT2aluhJdGy2P0sEg60GNFz3Mn9VJebxw2SjxuhcpoqCrtrERy&tn=-UK-R&c[0]=AT0FaeTGT_jCi5huCd11TajeVdrnZoQBTcR24VNTdDnbQqqUlVVBLiO_G8rRd7cZkBkxlyMSbAOV0kutKEFiUv4PKr_ioIFK2bYJUcqlBks8gQN15JXfiiJquIE3WPkfJHqgLDt5O3JNi1yRHJNHKsgup-s9KM5dS_Z2RvbtvcDzF1uj

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған