«Үй жағдайындағы қолжетімді тәттілер»
31 қазан күні карантин талаптарын сақтай отырып, «Alisa.cookies» торт дүкенінің кондитері «Үй жағдайындағы қолжетімді тәттілер» атты қайырымдылық мастер-класын өткізді.
Заманауи қоғамда балаға сіңірген білім – жарқын болашағымыздың кепілі екені сөзсіз. Өскелең ұрпақтың бос уақытын пайдалы дүниеге жұмсап, еңбекке бір табан жақын болсын деген ниетпен аға буын еріктілер бұл жолы қайырымдылықтың кезекті шарасын балаларға арналған мастер-класспен толықтырды. Мастер класс 3 бөлімді қамтыды.
Бірінші бөлімде балалар капкейктің 2 түрін ,екінші бөлімді 2 түрлі печенье, үшінші бөлімде алма бәлішін үйренді. Шеберлік сабағы барысында ұстаз өзіндік құпияларымен, лайфкахтарымен бөлісті.
Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.
Айта кетейік, мастер класқа 7-18 жас шамасындағы жалпы саны 33 бала қатысты.
Бақыт Астанай,
Азаматтық орталықтың медиа маманы