Әбілхан – байқау лауреаты

ӘБІЛХАН – байқау лауреаты Жаңалықтар

Алаш Орда қозғалысының 100 жыл толуына орай республикалық «Ақ жол» демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «XXI  ғасырдағы  Алаштың  Ақ жолы» атты үздік туындыларға жалпыұлттық байқау жарияланған еді.

ӘБІЛХАН – байқау лауреаты

Конкурстың мақсаты – Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлерінің мемлекет құрылысына, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу. Сонымен бірге, Алаш идеяларының жүзеге асырылуының қазіргі Қазақстандағы өзектілігіне байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру.

Аталмыш байқауға Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы  Атырау облыстық ұйымының төрағасы Әбілхан Төлеуішев те қатысты. Ол жас ұрпаққа Алаш зиялыларының мұраларын таныстырып, насихаттаудағы публицистикалық зерттеу мақалалары үшін конкурстың лауреаты атанып, арнайы төсбелгісі мен ақшалай сыйлығына ие болды.

Жақында Әбілхан Сейтімұлына бұл марапатты халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес табыстады.

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз