Жаңалықтар

Ұялы телефон терроризмінің профилактикасы 

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша 5 қылмыстық құқық бұзушылық ісі тіркеліп, 2 іс сотқа жолданды.

Қылмысты жасаудың себеп-салдары кәсіпорын немесе мекеменің жұмысын тоқтату және мектеп сабақтарын болдырмау болып табылады.

Мәселен, 27.02.2022 жылы Полиция басқармасына Атырау қаласы, Баймұханов көшесі бойында орналасқан «Хиуаз Доспанова» атындағы №18 орта мектепке жарылғыш зат орнатып кеткені туралы ақпарат түскен.

Қылмыстық қудалау органдары оқиға орнын тексерген кезде, аталған хабарламаның жалған екендігін растап,жарылғыш құралы табылмады. және Ж. қылмыстық әрекет салдарынан мемлекетке жалпы құны 21 610 теңге залал келтірілді.

Сот тергеуінде Ж. шын жүректен өкінуіне, тағылған айыпты мойындап, мемлекетке келтірілген залалды өтеді.

Нәтижесінде оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасытағайындалды.

ҚК-нің 273-бабында (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) ең қатаң жаза 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыружазасы көзделген.

— Көп жағдайда адамдар қызықты әзілге айландыра берген жалған ақпарат әрекеттері үшін жауатылыққа тартылатындықтарын сезіне бермейді — деді қала прокуроры Аршат Тайтуллин.

Сондай-ақ, қала прокуратурасы үй ішінде жарылғыш заттарды дайындауды үйрететін 2 сайтты бұғаттаған болатын.

Атырау қаласының прокуратурасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button