Атырау жастарының арасындағы жұмыссыздық – елдегі ең төмен көрсеткіш

22890778 four Жаңалықтар

Atr.kz/12 желтоқсан, 2019 жыл.  Атырау облысындағы жастардың  жұмыссыздық деңгейі – 2,4%. Бұл  республика бойынша ең төмен көрсеткіш, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Бұған бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды оңтайлы жүзеге асырудың арқасында қолжеткізілді дейді Жастар саясаты жөніндегі басқарма өкілдері. 
– Мәселен, ағымдағы жылдың 10 айына «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жолдама берілген 1 235 жастың, оның 383-і тұрақты жұмысқа орналасты.

2 200 адам – «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының маусымдық – көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс жұмыстарына тартылды. Сондай-ақ, облыс бойынша «Еңбек», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында төрт мыңнан астам жас тұрақты жұмыспен қамтылса, жүзден астам жас әлеуметтік жұмыс орындарына орналасып, екі мыңнан астам жас қоғамдық жұмыстарға кірді, – деді, Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Роллан Құспан.
Айта кетейік, облыс бойынша 92 мың жас экономикалық белсенді топқа жатады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз