Облыс әкімі азаматтарды жеке сауалдары бойынша қабылдады

img 2447 Жаңалықтар

Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-пікірін тыңдады, деп хабарлайды atr.kz

Қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, еңбек дауын шешу сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді. 

img 2448

Тұрғындармен кездесуге жауапты басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының өкілі қатысты. Олар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті кеңес берді.  

img 2449

Серік Шәпкенов жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін тиісті сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұрады. Оларға баспана заң аясында кезек бойынша берілетіні түсіндірілді. 

Облыс әкімі бүгінге дейін 56 қабылдау өткізіп, 900-ден астам тұрғынды қабылдады. Сондай-ақ, аудандарға жұмыс сапары барысында 300-ден астам тұрғын жеке қабылдауға келді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз