Тылсымға толы жұмбақ жер (+ФОТО)

img 4652 as smart object 1 Жаңалықтар

Ұлттық этнографияның атасы Шоқан Уәлиханов десек, ХХ ғасырда қазақ мәдениеті мен тарихына аса жоғары үлес қосып, әлемдік деңгейге көтерген ұлы тұлғалар Әлкей Марғұлан, Кемел Ақышевтармен тізе қосып еңбек еткен, көзінің тірісінде аттары аңызға айналған этноархеология саласының ғалымдары жетерлік.

Ал, этнография ұлттар мен ұлыстарды зерттеп, қоршаған ортасы мен тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдениеті мен өмірінің тарихын зерттейді. Бір өзі археология, антропология, география, сәулет өнері, сурет, музыка, тіл және әдебиет, басқа да көптеген ғылымдармен тығыз байланыса алатын бірденбір өлкетанушы ғылым. Сондай асыл істі бүгінде кейінгі буынға жалғастырмақ ниетте тер төгіп жүрген белгілі ғалымдардың бірі – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, этнолог, археолог Серік Ескендірұлы Әжіғали.

izobrazhenie 2021 01 27 141048

2020 жылдың күзінде Серік Ескендірұлынан Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы арқылы тарихи-мәдени мұраларды зерттеуші маман ретінде арнайы экспедицияға қатынасуға ұсыныс алдым. Ол жетекшілік еткен Батыс Қазақстан кешенді этноархеологиялық экспедициясы 1970-ші жылдардың соңынан бері батыс өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеп жүреді. Бұл жолы 20 адамдық үлкен зерттеу тобын ұйымдастыруға Ақтөбе облысының әкімдігі мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйытқы болды. Зерттеу жұмыстары 2019 жылдан бастап, үш жылға жоспарланған. Мақсаты – Солтүстік Үстірт (Доңызтау) аймағын мекендеген қазақтардың көне халықтық архитектурасын зерттеп, бұқараға насихаттау.

Топтың құрамында Тарих және этнология институтының мамандарымен қатар, Ақтөбе, Атырау облыстарынан тарихим ә д е н и м ұ р а н ы з е р т т е у саласының білгірлері, сондайақ Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары, С.Бәйішев атындағы университеттің суретшілері мен сәулетшілер жұмыс жасады. Қазанның 1-інен басталған ай жарымдық дала жұмыстары қиын болды. Ал, ойға түйер жүгі одан да ауыр. Бірнеше топқа бөлінген экспедицияның бір бөлігі жұмысын Ақтөбе қаласының оңтүстігінен бастап, Мұғалжар мен Үстіртке дейінгі біраз жерді аралады.

Кең байтақ қазақ жерінде көшпенді және жартылай көшпенді өмір сүрген жұрттан қалған өте құнды да қайталанбас көне мұраны көріп, таңғажайып әлемге кіргендей сезімде болдық. Солтүстік Үстірттің адам аяғы баса бермейтін кеңістігінде сақталған көне қорымдар мен мешіттер, бағзы заман ауылдары мен шыңырау құдықтар осы аймақты сан ғасыр бойы қазақ халқы жайлағанын дәлелдей түседі. Ақтөбеден шыққан экспедиция екіге бөлініп, бірі Қобда бағытына жүрсе, екінші топ қаланың оңтүстік-батысын іргелей аққан Сазды өзенін жағалап жүрді. Негізгі бағыт – Солтүстік Үстірт даласы, өзбек жерімен шектесетін АсмантайМ ат а й ж а з ы ғ ы н а д е й і н г і беймәлім тарих пен мәдениет ескерткіштерін анықтап, зерделеп-зерттеу және есепке алу.

Ғылыми көзқараспен алғанда, Қазақстанның аридтік (шөл және шөлейт) аймақтарындағы бұлақ көздерін, шыңырау құдықтары мен алқаптарды қолдан суландыру әдістерінің даму тарихын және оны ұтымды пайдалануды зерттеу этнология мен археология ғылымы үшін өте маңызды. Сол себепті, өлкетану маманы ретінде қоршаған ортаны жіті шолып, тек тарих ескерткіштері емес, табаным тиген өңірдің табиғатын, жерсу атауларының шығу тарихын, геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық ахуалына да тереңірек үңілуге тырыстым.

Этноархеологиялық барлаудың негізгі әдістері топографиялық карталар, GPS, дрон құрылғылары және геодезиялық құралдар арқылы жүрді. Күзде күн райы суыта беретіні түсінікті. Кейбір күндері түнгі температура 0-ден де төмендеп кетті. Ал, Сазды – жерасты бұлақтарымен толығатын шағын өзен. Бірақ оның бойындағы елдің ылғалға аса мұқтаж еместігі байқалып тұр. Өйткені, өзеннің ағысын құба тал мен ну қамыс бітеп, төменге жібермей жатыр. Дәмі тұщы, суы мол әрі мөлдір. Өзен Ақтөбе қаласын жарып ағып, Елекке құяды. Ал, табиғаты жұмақтай.

Су жағасына шатыр тігіп бір түнедік те, ертемен Қобда бағытына аттанып, Ерназар ауылына ат басын тіредік. Байқағаным, бұл жерде де су мол. Қарақобда өзеніне құятын Жындықайың, Қарамөңкесай өзектерінің алды бөгелген. Ауыл іргесіндегі кейбір бұлақ көздері бүлкілдегенде, кәдімгідей дыбысы шығады екен. Көзі аршылмаған соң тұншығып, ағып кете алмай тұр. Оны аршуға да ешкімнің құлқы жоқ көрінеді. Себебі, арна судан кілкіп тұр. Артық су бөгетті бұзып кетуі мүмкін. Одан әрі Ақс ай ауылы арқылы Шұбарқұдыққа қарай жылжыдық. Жолшыбай атауы құлаққа оғаш Сабанбалға, Қатынмола деген жерлермен жүрдік.

Бұл аймақта қазақы бейітке қойылған ағаш діңгекті құлпытастарды кездестірдік. Тым ерте дәуірде қойылса керек, ескерткіштерді уақыт табы әбден ширықтырып, ағаш діңгектер тасқа айналып кеткен. Ғылым тілі алдамаса, тасқа айналған ағаштың жасы шамамен 100 миллион жыл (3-сурет). Ақсайға келдік. Бұл жерде су аз, Құмды, Шағырлықұмды алқаптары арқылы Ойылға құятын салалардың суын бөгеп қойған. Байғанин ауданында да бөгелген өзендер аз емес. Ойыл өзеніне құятын Шилісу, Кенжалы сияқты кішігірім өзендердің барлығында кедергі тұр. «Ақтөбе-Атырау» күре жолының бойындағы көпірлерде де бөгеттер тұр.

Аудан орталығы – Қарауылкелді ауылының жанындағы Сағыз өзеніне құятын Мөлдір бұлақтың басына барып, жергілікті тұрғындармен тілдестім. Бәрінің де айтары бір – «бұлақтар бөгелмесін!» Әрине, бұған ішім жылып қалды. Себебі, суда адамзат тіршілігінің ауа секілді ең маңызды көзі. Сондықтан, Алла Тағаланың құдіретіне пенденің белгілі бір тобы ғана иелік етіп, төменгі сағадағы халықтан қызғануы нағыз қиянат емес пе?! Біздің топ Қарауылкелдіге ат шалдырып алған соң тағы да жолға дайындалды. Жетекшіміз, профессор С.Әжіғалидың тапсырмасына сәйкес Төлепберген атындағы топонимді (ғылым тілінде – антропоойконимді) нысан – №5 мұнай айдау кешенінің маңын жаяу кезіп, көне бейіттер мен құландылардың ізін байқау үшін барлау жүргіздік.

Сол күні Қарауылкелдіге қайта келіп, аудандық музейдің қорымен таныстық. Ертеңіне Кенжалы өзенінің маңын қайта барладық. Өзен жағасында орналасқан бүгінгінің бейіттерін араладық. Зират маңынан ескі қазақ бейіттерінің құландысы байқалды. Бұл жер «Қарауылкелді-Шұбарқұдық» тасжолы бойындағы №5 мұнай айдау кешенінің құландысынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 ш а қ ы р ы м н а н а с ат ы н ед і . Ақыры, бұған дейінгі барл ау ке з і н д е т ап т ы рма ғ а н Төлепберген батырдың жерленген жері екеніне көз жеткіздік. Көне бейіттердің ортасынан түсі қызғылт, күйдірілген қыш кірпіштен тұрғызылған көлемді кесененің орны табылды.

Құлап қалған кесененің батысында топыраққа жартылай көмулі құлпытаста: «Руы Жарлы, Бекенұлы Төлепберген, 1849 жылы 45 жасында қайтыс болған, белгіні баласы Жанұзақ мырза қойған» деп жазылыпты. Өкініштісі сол, жергілікті адамдар Төлепберген батыр туралы ешқандай дерек білген жоқ. Б і з д і ң э к с п е д и ц и я Қарауылкелді маңынан Жемнің бойы – Жарқамысқа қарай бағыт алды. Ондағы Жемнің арнасы судан толып тұр. «Күздегі су мынадай болғанда, көктемде қиын болмас па екен?!» деген ой келді.

Ал, Жарқамыс ауылының солтүстік-шығысындағы Қадірғұл бұлағының ағысы өте қатты екен. Ауыл әкімінің айтуынша, жазғытұры бұлақ басына қойылған диаметрі 120 сантиметрлік темір құбырды толтыра атқылайтын көрінеді. Рас та шығар, күздің күнінде сағатына 8-10 мың литр су беріп тұр, құдды скважина тәрізді. Бұлақ басына тынығып алған экспедиция одан әрі Солтүстік Үстірттің Доңызтау аумағындағы Дияр ауылы арқылы сапар шекті. Аз-кемі жоқ 48 шақырым жүрген соң, оң жағымыздан «Ыссықтау» бор тауы көрінді.

Сол қанатымыздан «Жаман Хантөрткүл» шоқысы қарайып қала берді. Сөйтіп, Қараоба елді мекеніне қарай түсе бердік. Одан солтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде Шет-Аққұдық деп аталатын қыстаудың шығыс бетіндегі үлкен қорымда 50-ге тарта құлпытасқа кез болдық. Қорымның батыс бөлігінде қазіргі зираттар көп екен.

Қыстау тұрғыны Жаңбырбай ақсақал Теңізбаевтың айтуынша, заманында осы жерде Табын руының тумасы Бекен молда мешіт ұстап, бала оқытыпты. Сол себепті қауым атауы «Бекенмола» аталып кеткен. Кідірмей, Теріскен құмына қарай Едірей атты қорымға бағыт алдық. Жол ауыр, құмды. Жүрегіміз шайлығып, Теріскен құмына кіруге тәуекел етпей, аман-есен Төлебай құдығына жетуді ойладық. Құмды жиектеп, Дияр ауылына қарай, Доңызтау шыңының батыс жағына бас бұрдық. Шеткі ауылдан Үстіртке шығатын Қызылқұз жолындағы екі үлкен артезиан басына түнеуге тура келді. Бір ғажабы, ауыл маңындағы артезиан суының бірі ыссы, екіншісі салқын. Білуімізше, осы маңдағы елдің бәрі 1980 жылдардан бері атқылап тұрған осы көзден су ішіп отыр.

snimok

Ертеңіне Доңызтауға (1 сурет) көтерілдік. Асуға шыққанда, күй атасы Құрманғазы домбырасына салып төккен атақты Тасастау-Қайнар, Онқұдық атты мекендерге кез болдық. Киелі топырақты басып тұрып, біресе шабыттандық, біресе тебірендік. Қ а й н а р д і н и – т ұ р ғ ы н кешеніндегі бір мыңға жуық жерлеу орны мен Досжан ишан Қашақұлының мешіті Атырау облысындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің (XVIII-XX ғ.ғ.) мемлекеттік тізіміне енген.

 Солтүстік Үстірт (Доңызтау) пен оған көршілес жатқан Сам құмын, Жем атырабын (Ембі шөлі) қоныстанған Табын руының Шөмішті тармағынан шыққан Досжан ишан қажылық сапарынан соң әуелі Қайнардан, сосын Шилісудан (қазіргі Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты Шұбарқұдық елдімекенінің маңы) екі үлкен мешіт (4-сурет) салғызыпты. Ғасыр жарым болған мешіттің жай-күйі нашар болса да, ғимараттың ішкі бетінің сәулеті әлі күнге өңін бермеген екен. Ертеңіне Онқұдық жолына түсіп, жолшыбай Тасастауға да соқтық.

Айтса айтқандай, Тасастаудың суы зәрдей, әрі тұп-тұщы. Әйтсе де, тереңдігі 30-40 метрлік тастан өрілген құдықтардан су ішерде сақтық шараларын да естен шығарған жоқпыз. Одан кейін біз жеткен Онқұдықта тас өрілген 1 0 ш ы ң ы р а у қ ұ д ы қ т ы ң әрқайсысының тереңдігі 30- 35 метр шамасында. Құдықтан оңтүстік-шығысқа қарай 800 метрдей жүргенде көне бейіт тұр. Онда Адай, Табын руларының таңбалары бейнеленіпті. Бұл төңіректе су тапшы, шөлейт алқап. Күнгейге жүрген сайын майлы топырақ шаңытып аспанға көтеріледі де, біраз уақытқа дейін бұлт секілденіп тарамай қояды.

Тарихтан сыр суырсақ, 1930-1931 жылдары Ақтөбе су шаруашылығы мекемесінің гидрогеологтары жасақтаған сол кездегі Табын ауданын, әсіресе Доңызтау аймағын қолдан суландыру жобасы тек 1950 жылдары іске асқан көрінеді. Суармалы егістіктер мен шабындықтардың қиын шақта халыққа мол септігі тиген. Тасқабақ, Доңызтау елді мекендерінің маңында су жинау үшін жасалған бөгеттердің (дамбалар) із-сорабы әлі де бар. Кейін жер аумағы Ембі әскери полигонының қарамағына өткен соң, амалсыздан атажұрттан ауа көшкен ел-жұрт Оймауыт секілді шалғай ауылдарға қоныстануға мәжбүр болған. Қазір бұл өлкені мүлгіген тыныштық басқан.

Бір кезде қалың ел мекендегенін басына құс саңғыған, қисайып тұрған ескерткіштер, жел-құзға желініп жермен-жексен болудың аз-ақ алдындағы қауымдар ғана айғақтап тұр. Солтүстік Үстірттен асып, Тасс ай, Тоқс анбай, Төлебай, Бозой, Матай секілді картаға түскен нысан-нүктелерді аралай жүріп, «керіле созылған маң даланың тарихын түгендеуге бір адамның ғұмыры жетпес-ау» деген ойға да берілдік… Экспедиция барысында негізгі бөлігін жас мамандар құрайтын топ құрамы үлкен өмірлік сабақ алғандай болды. Өйткені, профессор С.Әжіғалидың далалық жұмыс жүргізу шарттары, тарихи-мәдени нысандарды зерттеу методикасы, есеп жүргізу әдістері мен оны қорытындылау жөнінде оқыған лекциялары сызу-жазумен қатар күнделік толтыру ережелері, өзге де көптеген әдіс-тәсілдері арқылы тұтас бір университетті тауысқандай болатыныңыз анық.

Дала жұмыстары кезінде қойылатын басты талап – әр қатынасушы өзінің «жеке күнделігін» бастап, оған этнографиялық жайттарды түгелдей жазып жүруі шарт. …Сөйтіп, бұл экспедицияны да аяқтадық. Солтүстік Үстірттің ғажайып көне ескерткіштерін зерттеп, ұлт тарихының бетінде аз болса да өз қолтаңбамыз қалғанына бола кеудені шаттық кернегендей болды. Ай жарым бойы бірге жүріп, өз істеріне берілген маман боларын дәлелдеген болашақтың ғалым қызжігіттеріне, олардың жетекшісі мен ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымыз мол болды.

Ең маңыздысы, бұл сапардан түйгенім – өлке тарихын жетік білетін этнограф болу үшін жан-жақты зерттеумен қатар, қоршаған ортаны тез тануды игеріп, зерделі пікірұстанымға ие болу керек екен. Сонымен қатар, көне заманнан бері ұрпақ өсірген ата-бабаның мекені Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақтар екеніне ешкімнің таласа алмайтынына көзім жетті.

Сейілхан МИРАШ,

Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының маманы, магистрант.

Атырау-АқтөбеДоңызтау-Атырау

izobrazhenie 2021 01 27 141215
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз