Исатайлық кәсіпкер онлайн курстан өтіп, ауылында жеке кәсібін ашып отыр

b7324a77 8dd0 41f2 a1ef daae856b316d 870x400 1 Жаңалықтар

Атырау облысы Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылдық округі тұрғыны, жас кәсіпкер Алмас Ахметқали 2022 жылы «Бастау-Бизнес» жобасын кәсіпкерлік негізде оқытуды «Bissines enbek» сайты арқылы онлайн оқып, сертификатын алған. Бүгінде кәсібін ашып, сол арқылы халыққа да өзіне де пайдалы іс жасап отыр, деп хабарлайды Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкер «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасына сәйкес жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтініш білдіріп, 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражатқа ие болған. Қазіргі таңда Х.Ерғалиев ауылында «автоэлектрик және автодиагностика» қызметі үшін керекті құрал-жабдықтарды сатып алып, аудан тұрғындарына қызмет көрсетіп, жеке кәсібімен айналысып отыр.

-Жалпы осы мамандық бойынша Атырау қаласында 2016 жылдан бері жұмыс жасап келем. Былтыр қайтарымсыз грантты алып, ауданда өз кәсібімді аштым. Ауылымда ашудағы басты себеп – осы кәсіптің аздығы, тіпті тапшылығы десем де болады. Содан да болар қазіргі таңда жұмысым жақсы жүріп тұр. Сонымен қатар ауылымыз Атырау-Астрахань автокөлік жолының бойында орналасқандықтан, жолаушылардың да келуіне қолайлы болып тұр. Ол да жұмысымның жүруіне жақсы әсер етуде. Ендігі мақсатым – кәсібімді ұлғайтып, осы бағыттағы басқа да қызметтерді көрсету. Еңбек етем деген адамға мемлекет мүмкіндік жасап отыр. Ал білімді онлайн да алуға болатынын замандастарыма жеткізгім келеді,- деді А.Ахметқали.

Айта кетейік, Исатай ауданында 28 мыңдай халық болса, Х.Ерғалиев ауылында 4 мыңға жуық тұрғын бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз