Атырауға Бас мүфти келді

1 20 Жаңалықтар

Бүгін Атырауға жұмыс сапарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келді.

Екі күндік сапар аясында Атырауда қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің кезекті отырысы өтуде. Отырыс барысында екпе алудың үкімі, бала асырап алудың үкімі сынды бірнеше құжаттар мен пәтуалар қаралуда.

Және Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінде 500 орындық мешіт құрылысының іргетасы қаланады. Осынау шараға Бас мүфти арнайы қатысады деп күтілуде.

Сондай ақ, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанынан Қайырымдылық мекемесі ашылады. Және орталық «Иманғали» мешітінде 16 балаға, Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде 100 отбасына азық-түлік таратылады деп жоспарлануда.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз