Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Тың жоба – мұқтаждарға әлеуметтік қолдау көрсетеді

Атырауда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанынан тұңғыш рет «Қаланың әлеуметтік картасы» жобасы жасақталды.

nauryiz-v-atyirau-2013-13

Мақсаты жұмыссыздықты болдырмау, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсетуді көздейді.Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиеваның айтуынша, бүгінге дейін 300 астам әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасына 34,4 млн. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген. Сонымен қатар, жағдайы төмен 450 жанұяға тұрғын үй көмегі ретінде қаржы беріліп отыр.

— Қазіргі кезде әлеуметтік саясаттың жаңа принциптеріне негізделген іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Одан бөлек, ауылдық, селолық округтерде аз қамтылған отбасыларына арналған әлеуметтік сауда нүктелері ұйымдастырылып, жеке кәсіпкерлер 27 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түліктерді 10 пайыз жеңілдікпен ұсынып келеді, — дейді ол.

Жобаның міндетіне, жұмыссыздар саны мен олардың әлеуметтік, психологиялық, медициналық, заңгерлік көмекке мұқтаждығын анықтап, көмек көрсету жұмыстары кіреді.

Нұрбейбіт Нұғыманов

ATPress.kz сайтынан

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button