201102142537984a3713587i

Марат Омаров коронавирусқа қарсы тағы бір жаңа ән шығарды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Мәдениет

Atr.kz/3 қараша, 2020 жыл. Елімізге есімі белгілі композитор Марат Омаров коронавирусқа қатысты тағы бір ән жазды.

«Күні кеше ғана Алматы қаласында волонтерлерді марапаттауға арналған шараға қатысқан едім. Олар пандемия кезінде қарттарға, аз қамтылған отбасыларға, жетімдерге көмек көрсетуге жұмылдырылған болатын. Жастарымыздың орын алған жағдайға бейжай қарамайтындығы, олардың белсенді қоғамдық ұстанымы таң қалдырды. Бұл өте жақсы», – деді композитор.

Сонымен қатар ол бұған дейін «Коронавирус, кет, кет, кет» деп аталатын әзіл ән жазғанын, ән қас-қағым сәтте бүкіл әлеуметтік желіге тарап кеткенін айтады. Сонымен қатар танымал вайнерлер, әншілер, музыканттар, блогерлер мен кішкентай балалар бұл әнге қатысты өз нұсқасын жариялағанын да еске салып өтті.

«АҚШ президенті Дональд Трамп «Америкада коронавируспен күреске миллиондаған доллар жұмсап, шығындалуда. Ал қазақ композиторы бір ән жазып, онымен күресіп жатыр» деп әзілдепті. Әрине, бұл қалжың», – дейді Марат Омаров.

Танымал композитор барша қазақстандықты осынау қиын кезеңде ұйымшылдық танытып, карантин шараларын сақтауға шақырды.

«Барша қазақстандықты маска киюге, әлеуметтік арақашықтық сақтап, антисептик пайдалануға шақырамын. Осы орайда мен композитор ретінде «Маска» деп аталатын жаңа ән жаздым», – деді ол.

Композитордың жаңа әнінде:

«Надевайте маски – маска киіңдер,

Бетперденi тағып, жауып жүріңдер.

Біз біргеміз, әрқашан бәріміз бірге,

Біз сенеміз, алда бақытты күндер!» деген жолдар бар.

Марат Омаров таяу күндері жаңа әнімен челлендж бастауды жоспарлап отыр.

«Қазір волонтерлермен дайындық жүргізіп жатырмын. Челлендж бастамақ ойым бар», – дейді композитор.

«ҚазАқпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған