
ЖаңалықтарҚұқық
Туысының үйін өртемек болған атыраулық тұрғын жазаланды
Атырауда туысының үйін өртемек болған ер адамға қатысты сот отырысы өтті, — деп хабарлайды Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.
Оқиға 2018 жылдың наурызында «Қара-Өзек» мөлтек ауданында болған. Жергілікті тұрғын туысқанының тыныштығын бұзып, аула сыртындағы құрылыс материалдарына жанармай шашып, қасақана өртеп жіберген.
Бұл әрекеті үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 12025 теңге айыппұл салынды.
Хорлан СМАДИЯР