Индербор кентіндегі «Көктем» шағын ауданында 1292 пәтер салынады

0 9 Жаңалықтар

«Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты» деп хабарлайды  Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Индербор кентінің оңтүстік батыс бөлігінен ауданы 35 га болатын Көктем шағын ауданында  20 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл  – 1292 пәтер деген сөз. Және  4 әлеуметтік нысан салу жоспарда.

Аталған нысандар бойынша қазіргі уақытта 5 қабатты 80 пәтерлік бір тұрғын үйдің, 4 қатарлы 48 пәтерлік төрт тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен қатар,  инжнерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілуде. Бұдан бөлек, 5 қабатты 80 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысына мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт жасалды» деп атап өтті спикер Мейірім Қалауи.

Қазіргі уақытта Индер ауданы бойынша 13 жобаның құрылысы жүргізілуде. Олардың қатарында Индербор кентіндегі  «Көктем» шағын ауданындағы төрт қабатты 48 пәтерлік 4 тұрғын үй, 5 қабатты 80 пәтерлік бір тұрғын үй, Көктем қазақ орта мектебіне 80 орындық жапсаржай және  инженерлік  коммуникация, Индербор кентіндегі спорттық ойын алаңдарының құрылысы, Жарсуат ауылындағы денешынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы, 4 қатарлы 48 пәтерлік 4 тұрғын үйге дейінгі су және кәріз желісінің құрылыстары  бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз