Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды онлайн форматта қабылдады

whatsapp image 2020 11 06 at 05.33.32 Жаңалықтар

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн форматта қабылдады», – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 


Аймақ басшысының кезекті қабылдауына жазылғандар әр түрлі әлеуметтік мәселеге қатысты өтініштерін айтты. Бірқатары тұрғын-үй және жалақысы жоғары жұмыспен қамтуға көмек қолын созуды сұрады.  


Азаматтардың өтінішін тыңдаған аймақ басшысы көтерілген мәселелерді заң шеңберінде шешу жолдары қарастырылатынын айтты. Сондай-ақ облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әр өтініштің артында адам тағдыры тұрғандықтан олардың жеке өз бақылауында болатынын жеткізді.  Өңір басшысының азаматтарды онлайн қабылдауына қатысқан лаузым иелеріне де өтініштерге қатысты тиісті тапсырмалар берілді. 

whatsapp image 2020 11 06 at 05.33.29 1
whatsapp image 2020 11 06 at 05.33.32 1
whatsapp image 2020 11 06 at 05.33.30 1

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз