ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚАҚАРСЫ ЗАҢ ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
Қазақ әйелдері болмысынан шыдамды болыпкеледі. Үйінде қанша қорлық көрсе де сырт көзденжасырып, отбасы үшін жанұшырып тұрады. Соныңсалдарынан соңғы кездері қайғылы жағдайлар көбейіпкетті. Мысалы 2020 жылы екі ай карантин кезіндетұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі 2019 жылдыңсәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,7 пайызға өскен. Ресми мәліметтер бойынша көп жағдайда зәбір көргенәйелдер полициядан арыздарын кері алып, сотқажүгінуден бас тартады екен. Бір сорақысы бұлотбасылық жанжалдар салдарынан балалардыңзардап шегуі.
Осыдан бірер жыл бұрын Батыс Қазақстаноблысында күйеуі өзінің әйелі мен екі қызын өлтіріп, содан кейін өз үйін өртеп жіберді, ал ОңтүстікҚазақстанда күйеуі әйелін балтамен аяусыз ұрыпөлімші қылды, Солтүстік Қазақстанда күйеуібалаларының көзінше әйелін аяусыз ұрып өлтірді. Тізбелей берсең осындай жаға ұстатарлық жағдайларөте көп.
Өз басым мұның барлығы елімізде осы күнге дейінтиімді заңнаманың болмауында – деп есептеймін.
2009 жылы қабылданған Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңда тиістімемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарарасындағы тиімді үйлестіру механизмі жоқ. Заңдакөзделген шаралар тұрмыстық зорлық-зомбылықтыңалдын — алуға және оны шектеуге көмектеспеді. Ісжүзінде тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелгенжағдайда ғана онымен тек Ішкі бөлімшелеріайналысты. Заңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтыңалдын алу, оған қарсы әрекет ету және оны шектеугеарналған кешенді тәсілдер болмады.
Бір сөзбен айтқанда заңнамада тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыскерлердің жазасы өтежеңіл, алғаш рет немесе қайталанған оқиғаларда одантірі қалғандардың құқын қорғай алмады. Көптіңкөкейінде жүрген бұл олқылықтар ескеріліп, өткенжылы Мәжілісте «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жобасықаралды. Және ол бірінші оқылымда қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауғаболмайтынын айтты. «Отбасында ойран салатындаржазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Зардапшеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысымжасауынан қорықпауы қажет». Енді елімізде әйелдергежасалатын отбасылық зорлық-зомбылық үшінжауапкершілік қатаңдатылады.
Эльмира Тұңғатарова,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.