АТЫРАУДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЛЫНА МА?

@atyrau gazeti.kz 21 Жаңалықтар

19 қаңтарға қараған түнде Атырауда төтенше жағдай режимі күшін жояды.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

«19 қаңтардың түн ортасынан бастап Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай режимі аяқталады.

Бұған дейін Президент шешімімен басқа өңірлердегі төтенше жағдай мерзімінен бұрын күшін жойған болатын. Осылайша, бүкіл ел қалыпты жағдайға оралады. Төтенше жағдай кезеңінде енгізілген коменданттық сағат және басқа да уақытша шектеулер жойылады. Халықтың бірлігі мен тұтастығының, құқық қорғау органдары мен армияның жанкешті еңбегінің арқасында Қазақстанның барлық аумағында тәртіп пен тыныштық қалпына келді. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен амандық орнасын!» деді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз