ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕС!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан да, бұл мәселе «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалында өткен кездесуде кеңінен айтылды.

Еліміздің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада Елбасының тапсырмасымен қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы түсіндірілді.

 Жиынды ашып, жүргізген орталық директоры Баязи Әбдешов сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда стратегияның маңыздылығына тоқталды.

Одан әрі мінбеге көтерілген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  құқықтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әділбек Тұрдалиев жемқорлықты жоюда шетелдік тәжірибелерден мысалдар келтірді.

Стратегияда көрсетілгендей, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, сондай-ақ, бизнестің қызметінде өзара жауапкершілік, әріптестік, айқындық пен ашықтық болуы тиіс. Бұл жөнінде еліміздің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит Избанов тарқатты.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жанынан құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Сайын Қуанышев мемлекеттік қызметтің барлық сатыларында сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас болу керектігін баса айтты. 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз