Жарнама
Жаңалықтар

Түркітілдес елдер Абайдың мерейтойын атап өтеді

Atr.kz/4 желтоқсан, 2019 жыл. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Қырғыз елінің Ош қаласында өткен Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымы Мәдениет министрлерінің 37-отырысына қатысты.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, шара барысында Нұрғиса Дәуешов Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған жобаны таныстырды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов пен өзге де ұйым мүшелері таныстырылымнан соң 2020 жылды түркітілдес елдерде ақынның мерейтойын атап өтуді бір ауыздан қолдады.

Сондай-ақ, министрлер осы жылы бауырлас мемлекеттер арасындағы мәдениет, өнер саласындағы байланыстар жайын талқылады. Отырыс барысында 2020 жылы түркі елдерінің мәдени астанасы болып Өзбекстанның Хиуа қаласы белгіленді.

Іс-шараға Қырғыз елінің Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұлов, Ош қаласының мэрі Таалайбек Сарыбашев, Түркия Мәдениет министрінің орынбасары Нәдір Алып Аслан, Әзірбайжан Мәдениет министрінің орынбасары Рафиг Байрамов, Өзбекстан Мәдениет министрінің орынбасары Камола Акилова, Түркіменстан Мәдениет министрінің орынбасары Гурбанмұрад Мырадалиев, ТҮРКСОЙ ұйымы елдеріне қарасты мемлекеттерден келген өзге де мәртебелі қонақтар қатысты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button