whatsapp image 2020 06 05 at 13.58.21

Атырау облысының әкімі жемқорлықпен күрес мәселесін талқыға салды

Жаңалықтар Құқық

Бүгін, 5 маусымда Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті селекторлық кеңесі өтті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайлары, қаржылық тәртіптің сақталуына жүргізілген мемлекеттік аудиторлық  іс-шаралардың қорытындылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг және сыртқы талдауы сияқты мәселелер қаралды. 

whatsapp image 2020 06 05 at 13.58.22

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесінің маңыздылығын атап өтті. Олардың бірі, Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілуі болып табылады.Жиын барысында аймақ басшысы  «Атырау – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің жетекшісі Альфия  Әдиеваны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі ретінде тағайындады. 

whatsapp image 2020 06 05 at 13.58.21 1

–    Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары біздің өміріміздің барлық салаларында туындауына байланысты, барлық мемлекеттік мекемелер олардың алдын алу бойынша жұмыстарын қамтамасыз ету қажет,- деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов. 

Мәжіліс соңында облыс әкімі  жиынға қатысушыларға сыбайласпен күрестің алдын алу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған