Көшеттің де құжаты болуы тиіс

 Атырау қалалық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында қалаға әкелінетін өсімдік тауарларын тексеріп, құжаттарын қарауда және оларға тексергендігі жөнінде акт беруде бірқатар жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, қаланың сауда нүктелерінде, теміржолда құжатсыз әкелінетін жүктер де тиянақты тексерістен өткізіледі. Тиісті ережені бұзған тауар иелеріне ҚР «Өсімдік карантині» заңына сәйкес айыппұл салынады.

 Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында үш жеке тұлғаға қысқартылған ереже бойынша 63630 теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталмыш заң талаптарына сәйкес шет елден әкелінетін өнімге фитосанитарлық сертификат, ал республикаішілік өнімнің карантиндік сертификаты болуы тиіс.

 Қалалық инспекцияның негізгі мақсаты халыққа жоғары сатыдағы мемлекеттік қызмет көрсету мен қала аумағына карантиндік нысандардың еніп кетпеуін қадағалау болғандықтан былтыр облыс орталығында арамсояуға (повиликаға) қарсы агротехникалық әдіспен күрес жұмыстары жүргізілді. Ал, биылғы жылы үш гектар жерді өңдеу жоспарланып отыр. Көктемгі егіс жұмыстарын бастағанға дейін егілетін дән мен көшеттерді сатып аларда олардың құжаттарын сұрағандарыңыз дұрыс. Яғни, сертификаттары болуы керек. Құжатсыз сатқан өсімдік дақылдары карантин нысандарымен зақымдалған болуы мүмкін. Осы жағын әркім қаперде ұстап, сақ болғаны жөн.

Ш.ЖҰМАХМЕТОВА,

Атырау қалалық аумақтық инспекциясының басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз